Зерттеу сұрағы: Эвтаназияны заңды ету керек пе

Грек тілінен аударғанда ευ- «жақсы» + θάνατος «өлім». Бұл терминді алғаш рет Френсис Бекон ХVІ ғасырда қолданған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында эвтаназия идеясы Еуропа елдердінде кеңінен тараған болатын
Зерттеу сұрағы: Эвтаназияны заңды ету керек пе

Скачати 93.79 Kb.

Дата конвертації 17.04.2016 Розмір 93.79 Kb.

10.03.13

Topic: Euthanasia

Research question: Should Euthanasia or

Physician-Assisted Suicide Be Legal?
Prepared: Nagmetulla Temirlan , 11В

Signature_______________

Зерттеу сұрағы: Эвтаназияны заңды ету керек пе ?

Жоспар:

І.Кіріспе(Эвтаназия деген не?)- 250;/276

ІІ.Негізгі бөлім – 1000;

А)Жақсы жағы – 250;/ 262

B) Жаман жағы – 250;/209

С) Эвтаназия және заң(саясат) -250; / 252

D)Қазақстандағы эвтаназияға көзқарас– 250; /218

ІІІ. Қорытынды – 250; / ——283

IV.Бағалау

V. Библиография

І.Кіріспе

Эвтаназия – (немесе Ассистендірілген Өлім) адамның өмірін тақтотудың практикалық түрі. Грек тілінен аударғанда ευ- «жақсы» + θάνατος «өлім». Бұл терминді алғаш рет Френсис Бекон ХVІ ғасырда қолданған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында эвтаназия идеясы Еуропа елдердінде кеңінен тараған болатын. Дәл сол уақытта эвтаназия және евгеника терминдері жеткілікті дәрежеде атақты еді.

Бірақ, бұл термин әртүрлі мағыналарда қолданылды: өте қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамдардың өлімін жеделтету; «артық» адамдардың өмірін қию; адамға өлуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, лабароториялық жануарларды өлтіруді де айтады.

Эвтаназияның көмегімен өмірден өткендер қатарында атақты психолог З.Фрейд бар. Ол обадан арылу үшін 38 операция жасатқан. Соңына келе, шыдамай өз өмірін белгілі бір құралмен қиған.

Эвтаназия идеясы ХХ ғасырдың аяғына қарай өте көп таралды. Бірақ онымен қоса осы уақытта Гиппократтың антында көп елдер өздерінің медицина саласына енгізе бастады. Алайда, Гиппократ антындағы «Мен ешкімге де өзімнен өлім құралдарын алуға және ауру адамның өлім туралы ойлауына жол бермеймін» жолдар анттың эвтазанияға қарсы келетінін көрсетеді.

Әрине әрнәрсенің шегі болатыны сияқты эвтаназияғада шек қойылған. Мысалы, моральдық тұрғыдан, медициналық , адамгершілік тұрғыдан және заңды жағынан шек қойылған.Дәл осы заңды жағына тоқталатын болсақ. Мысалы кейбір елдерде эвтаназияға заңды түрде рұқсат берілген. Ол елдер қатарына: Нидерланды, Германия, Бельгия, Швеция, Швейцария, США (Оригон және Вашингтон штаты).

Ал басқа елдер адам өмірінін басты құндылық санай отырып, эвтаназияға шек қойған.Бұл өз кезегінде эвтаназия туралы ойлардың екіге бөлінгендігін көрсетеді.Яғни, эвтаназияны заңды қылу керек пе? Заңды қылмау керек пе? Эвтаназияның жақсы жақтары мен жаман жақтары қандай? Осы жұмыс барысында мен осы сұрақтарға жауап алуға тырысамын.

ІI. Негізгі бөлім

Эвтаназияның негізгі екі түрі бар: белсенді эвтаназия(пациенттің тез өлуі үшін түрлі дәрі-дәрмектер беру) және пассивті эвтаназия(Пациентті мүлдем емдемеу; аурумен күреспеу). Эвтаназияның бұл екі түрін де заңды түрге айналдыру бүгінгі көп қозғалып жүрген мәселелердің бірі. Эвтаназияны жақтаушылар бұндай өлімнің жақсы жақтары көп екеніне сендіруге тырысады. Мысалы, емделмейтін аурулармен ауратын адамдарды химиялық түрлі терапиямен қинамай, оларға тез және қолайлы жағдайда өлуге мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттер өмірден үмітін үзген жандарды емдеу үшін қаржы бөлгісі келмейді. Яғни, эвтаназия ел экономикасына мүлдем әсер етпейді және оның қаржысын үнемдейді. Осы жерден эвтаназияның жақсы жақтарына бірнеше аргумент келтіріп кетуге болады.Кез-келген адамның өмір сүруге немесе өлуге толықтай құқығы бар. Яғни, адам өзі қалаған уақытында өмірден өтуіне көмектесуге болады. Ал адамның өлуіне көмектесу бұл – эвтаназия. Мысалы, асқынған ауруға душар болған жандар кейде өмірді жалғастырғысы келмейді. Соның өзінде ол өте қымбат ем алып, өмірінен көп үміт күтеді. Бірақ ешқандай медицина оның өмірін сақтай алмауы мүмкін. Сондықтан да осындай жандар үшін эвтаназияны енгізу керек деп ойлаймын.Келесі бір ой , адамның жеке өміріне , оның жеке шешіміне ешқандай моральдық, әлеуметтік жағдайлар әсер етпеуі керек. Сонымен қатар, мемлекетке адам өмірі қаншалықты маңызды болса, сол адамның шешімі де соншалықты маңызды болу керек. Демек, ол адам өмір сүргісі келмесе, оған және оған көмектесуші «ассистенттерге» рұқсат берілуі керек.Өмірді жақсы сүріп, оның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, мәдениет пен өнерді, барлық қызықты көргенде ғана өмір сүруге болады. Ал жазылмайтын аурумен ауырғанда өмірдің барлық қызығы кетеді.Оның барлық үміті сөнген кезде оның өмірді жалғастырғысы келмейді. Эвтаназия – суицид емес. Кез-келген адамның өмір сүргісі келмесе, өмірге деген қызығушылығы жоқ болып, өмір сүрмеймін деген шешімге келсе оған оңай әрі тез өлуге көмектесу қажет.

Әрине, бұл ойларға қарсы аргументтерде бар. Көп адамның ойлауынша эвтаназия — былай қарағанда өзін-өзі өлтіру. “Эвтаназия не екені түсінікті. Бірақ эвтаназия кезінде пациенттер өлімді таңдаған күннің өзінде олар қолайсыз жағдайларда қалуы мүмкін. Оған қоса, эвтаназияға дәрігерлердің қатысуы мүлдем дұрыс емес” деп ойлайтындар да бар.Олардың ойынша эвтаназия пайдасынана қарағанда зиянын көп тигізеді.Себебі дәрігер мамандығы пациентке өлу мүмкіндігін беру емес, дәрігер мамандығы – пациенттерді емдеп, жазу. Егер эвтаназия дұрыс бақыланбаса , оның әлеуметтік қақтығыстармен бітуі мүмкін. Эвтаназия барлық этикалық тыйымдарға қарсы келеді. Эвтаназиямен пациенттің өмірін аяқтағаннан көрі пациенттердің ауруын толық зерттеп, оның жазылуына керекті барлық жағдайды жасау керек. Немесе кейбір топтардың ойынша «эвтаназия адамдарды алдау, иллюзия. Яғни, дәрігерлер адамды емдеудің жолын іздемей, пациентке өлудің жолын көрсетуде.» Адамгершілік тұрғыдан қарағанда да, адам өмірі ең маңызды, сондықтан да эвтаназия дұрыс емес. Ал діндерге келетін болсақ, Ислам, Христиан діндерінде эвтаназияға жол берілмейді. Себебі, жаратушы берген өмірді соңына дейін сүріп, кез-келген қиындықта соңғы үміт сөнгенше күресу керек. Марсия Энджелл, медицина ғылымдарының докторы, Гарвард медициналық мектебінің аға оқытушысының айтуы бойынша: Діндік тұрғыдан қараған да эвтаназияға қарсы келеміз. Ешқандай дінде өзін-өзі өлтіруі кешірілмейді. Бұл жерде логикалық адасу байқалады. Себебі, Далай-Ламаның айтуы бойынша Будда дінінде адам өмірінің мәні кетіп қалса, ол өмірін одан әрі жалғастырмауына болады. Этикалық, моральдық жақтарда да эвтаназия дұрыс емес. Сондықтан адамдардың ойы екі жаққа бөлінеді.

Әлемде эвтаназия көп елдерде заңмен бекітілмеген. Ал бірқатар елдерде эвтаназия туралы заң қабылданған. Ол елдер қатарына: Нидерланды, Германия, Бельгия, Швеция, Швейцария, США (Оригон және Вашингтон штаты). Ол заңда ересектер эвтаназиясы және балалар эвтаназиясы қарастырылған. Мысалы, Бельгия елін алайық.Бельгияда 10 миллион 414 мың адам тұрады. Бұл елде эвтанзияға 2002 жылы заңмен рұқсат берілді. Бір жылдан соң, яғни 2003 жылы эвтаназия өлім қаупімен ауратын 200 адамға көмектесті. Ал 2004 жылы 360 пациент эвтаназияны пайдаланды. 2014 жылы Бельгия үкіметі балалар эвтаназиясы жайында заң қабылданды. Бұл Бельгияда кез-келген адам жасына қарамай-ақ эвтаназияны қолдана алады деген сөз. Алайда, Бельгияда эвтаназия процестері қатаң түрде қадағаланады. Келесі эвтаназанияны заңдандырған елдердің бірі- Нидерланды. Нидерланды елінде 1993жылы 12 бөлімнен тұратын эвтаназия туралы заң қабылданды. Бірақ бұл заң тек 2002 жылы ғана күшіне енді. Осылайша Нидерланды елі ең алғашқы эвтаназияға заңмен рұқсат берген ең бірінші ел болды. Нидерланды заңы бойынша эвтаназияны қалаған пациенттің жасы 12-ден жоғары болуы керек және пациентке дәрігерлерден ешқандай көмек болмайтыны, пациенттің өлуі мүмкін екендігі дәлелденуі керек. Ол дәлелдеулерді дәрігерлер дайындайды және осы дәлелдеуден кейін ғана пациентке эвтаназияға жол беріледі. Ал Германия мен Швецарияда егер бір адам келесі адамға өмірден өтуіне көмектессе және бұдан ешқандай пайда көрмесе ол адам заң бойынша жазаланбайды. Бұл жерде ассистендірілген эвтаназияны көруге болады, яғни көмектесуші адам ассистент болып табылады. Немесе пассивті эвтаназияны алып қарастырсақ.Пассивті эвтаназияның кезінде пациенттің өлуіне дәрігерлер көмектеспейді, тек жай ғана пациенттіемдеуді доғарады. Эвтаназияның бұл түріне Калифорния штатының жоғарғы соты 1976 жылы рұқсат берді. Бұндай пассивті эвтаназия қазір АҚШ-та кеңінен тараған. Сонымен қатар, 2004 жылы Израильде және Францияда пассивті эвтаназияға рұқсат берілген.

2014 жылы Бельгияда балалар эвтаназиясы заңдандырылған кезде , «эвтаназия» тақырыбы Қазақстанда да көптеп көтерілді.Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Салидат Қайырбеков «Эвтаназия өте қиын тақырып, эвтаназияға заңды түрде рұқсат берместен бұрын көп ойлану керек және көпшілікпен бірге қоғам алдында талқылау керек. Себебі, маған бұл тақырыпта жазылған көптеген хаттар келеді. Бірақ мен дәрігер болғандықтан эвтаназияға қарсымын» деп ойын білдірген екен. Қазақстан эвтаназияны заңды түрде рұқсат етпейтіні анық. Себебі, біздің елімізде «Эвтаназия» тақырыбы төңірегінде әртүрлі қарсы аргументтер қалыптасқан. Тіпті, біздің менталитетіміз де эвтаназияға қарсы. Ал келесі бір нақты аргумент ол – дәрігер ролі. Гиппократ антын қабылдап, ақ халат кигендердің барлығы да кез келген жағдайда да, кез келген аурумен соңына дейін күресуі керек. Әйтпесе, дәрігерлерге деген теріс көзқарас қалыптасады. Немесе дін тұрғысынан қарайық. Қазақстан халқының 90%-ы ислам және христиан дінін ұстанады. Ал бұл екі дін де эвтаназияны адам өлімі ретінде, күнә есебінде қарастырады. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша «халық – мемлекеттің басты байлығы». Демек, мемлекет азаматтарына эвтаназияны заңды түрде рұқсат етпесі анық. Алайда, Қазақстаннан жыл сайын Бельгияға, Германияға емделмейтін аурумен ауратын науқастар «тыныш өлім (эвтаназия)» үшін кетіп жатады. Қазақстан медицинасы жылдан жылға дамып келе жатыр. Бірақ Қазақстандағы 2000-нан астам азамат емделмейтін аурумен аурады және өздерінің өлетін уақытын күтумен өткізеді. Осындай жағдайларды көргеннен кейін Қазақстанда да 2 түрлі ой қалыптасады. Сондықтан бұл тақырыпта кеңестер өткізіп, көпшілікпен бірге талқылап, ортақ бір шешімге келу керек деп ойлаймын.

ІІІ.Қорытынды

Қорыта айтқанда, алғаш рет Френсис Беконнның қолданған «Эвтаназия» терминін қазіргі күні әлемде көп қозғап жүр. Мұның себебі белгілі,медицинаның көмегімен емдеуге келмейтін ауруға шалдыққан адамның қалауын орындау. Эвтаназия термині дәрігер көмегімен өз-өзіне қол жұмсау немесе тыныш өлім деген мағыналарда да айтылады. Эвтаназия біріншіден жеңуге келмейтін қиындықтарды, яғни емделмейтін аурудың азабынан құтылу үшін әдейі ұйымдастырылған өлім болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында айтып кеткендей, эвтаназияның екі түрі бар. Олар : белсенді және пассивті (енжар) эвтаназия. Бұлардың ішінде қазіргі күні белсенді эвтаназия заңдандыру мәсеелесі көп қаралып жатыр. Бірақ, моральдық , этикалық , религиялық тұрғыдан алғанда эвтаназия дұрыс емес болғандықтан бұл мәселе көп елдерде өз шешімін таба алмай келеді. Ал кейбір Бельгия , Германия, Нидерланды сияқты елдерде эвтаназияға заңмен рұқсат берілген. Бұл өз кезегінде әр халықтың, әр елдің, әр діннің бұл тақырыпқа әртүрлі көзқараста екенін көрсетеді. Бұлардың әртүрлі көзқараста болуының басты себебі діндер мен салт-дәстүрдің арқасында қалыптасқан елдегі менталитет болып табылады. Дәл осы тұста кіріспе бөлімде алға қойылған бірнеше сұраққа оңай жауап беруге болады. Ол сұрақтар : «эвтаназияны заңды қылу керек пе? Заңды қылмау керек пе?» деген сұрақ. Бұл сұрақтың шешімі анық, яғни бұл сұраққа бүкіл әлем бірдей шешім қабылдай алмайды, әр ел өз дініне, менталитеніне орай бұл сұраққа жауап береді. Мысалы, ислам елдері заңды қылмау керек деп есептесе, бірнеше дінді ұстанатын елдер эвтаназияға заңды түрле рұқсат беруі мүмкін. Алайда, жоғарыда айтып өткендей «эвтаназия» — өте қиын тақырып. Бұл жайында шешім қабылдау үшін жылдар мен халықтың ортақ шешімі керек. Ал халықтан ортақ шешім болу үшін, көпшілікпен бірге немесе аймақтық кеңестер өткізу керек. Сонда ғана эвтаназияға заңды түрде рұқсат беру туралы шешім қабылдауға болады.

Библиография

  • Кортни , C. (2007, May 16). Should euthanasia or physician-assisted suicide be legal?. Retrieved from http://euthanasia.procon.org/view.answers.php?questionID=001320
  • Margaret, P. (2004). Should euthanasia or physician-assisted suicide be legal?. Retrieved from http://euthanasia.procon.org/view.answers.php?questionID=001320
  • Christian, N. (2010, Mar 19). What is euthanasia (assisted suicide)? what is the definition of assisted suicide or euthanasia?. Retrieved from http://www.medicalnewstoday.com/articles/182951.php
  • Әубәкір , A. (2012, Oct 29). Эвтаназия дұрыс па әлде бұрыс па?. Retrieved from http://kaznmu.kz/эвтаназия-дұрыс-па-әлде-бұрыс-па/
  • Поленова,Т . (2012, 08 26). ЭВТАНАЗИЯ. АКТ МИЛОСЕРДИЯ ИЛИ… УБИЙСТВО?. Retrieved from http://pohorony.kz/statya/razmishleniya/147-evtanaziya-akt-miloserdiya-ili-ubijstvo.html
  • Каримова ,Д. (2013, March 18). Эвтаназия: быть или не быть?. Retrieved from http://www.megapolis.kz/art/Evtanaziya_bit_ili_ne_bit

ІV.Бағалау

Жалпылай алғанда жұмыс өте қиын болды. Себебі, бұл тақырыпта қазақша мақалалар, мәліметтер аз болғандықтан, мәліметтерді орыс, ағылшын тілдерінен аудару керек болды. Немесе, достармен талқылау барысында, бұл тақырыпты көп адамдар біле бермейтіндіктен оларға эвтаназияның не екендігін түсіндіру қажет еді. Дегенмен, зерттеу жұмысы барысында өзіме қосымша көптеген мәліметтер ала білдім. Эвтаназия жайында, оның классификациясы мен түрлері жайында толық мағлұмат алдым. Бұл мағлұматтар болашақ өмірімде қажеттілігін көрсетеді деген ойдамын.

База даних захищена авторським правом ©mediku.com.ua 2016
звернутися до адміністрації

    Головна сторінка
Інформація Автореферат Анализ Диплом Додаток Доклад Задача Закон Занятие Звіт Инструкция

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий