Мазмұны Глоссарий Дәрістер Зертханалық сабақтар Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары Глоссарий

Адаптация-бейімделу, үйрену, дағдылану организмніңі сыртқы, не ішкі ортаның өзгеруіне бейімделуі
Мазмұны Глоссарий Дәрістер Зертханалық сабақтар Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары Глоссарий

Скачати 0.59 Mb.

Сторінка 1/2 Дата конвертації 19.04.2016 Розмір 0.59 Mb.

  1   2

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК

ПОӘК 042.14-4-04.01.20.26/ 03 -2011

ОӘК- «Биологиялық белсенді заттар» пәнінен құжаттар жиынтығы

№ 2 басылым

050607 – «Биология» мамандығына арналған

«Биологиялық белсенді заттар»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

СЕМЕЙ

2011

Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Зертханалық сабақтар

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

  1. Глоссарий

Адаптация-бейімделу, үйрену, дағдылану.организмніңі сыртқы, не ішкі ортаның өзгеруіне бейімделуі.

Аддисон ауруы-бйрек безінің қыртыс қабатынан шығатын гормондардың жетіспеуіненпайда болатын ауру. Оны 1885 жылы Аддисон ашқан.

Адреналин- бүйрек безінен шығатын гормон.

Адренокортико тропты гормон-гипофиздің алдыңғы бөлімінен шығады.

Альдестерон-бүйрек безінің қыртыс қабатынан шығатын гормон.

Анаболизм- организмдегі зат алмасудың арта түсуі.анаболизмге барлық ассимиляция(ферменттік синтездер)және тағамды сіңіру жатады.

Анаэробиоз- организмнің ауасыз, оттексіз тіршілік етуі.

Андрогендер- еркектің жыныс гормоны.

Ассимиляция- организмнің тағамды сіңіруі.Ассимиляция зат алмасуда организм шығаратын заттардың нәтижесі.

Аэробты-оттекті ортада болады.

Базедов ауруы-қалқанша безінің гормон шығаруынан болады. Бүл ауру адамдар қалқанша безі шамадан тыс гормон шығаратындықтан тамаққа тоймайтын, көзі аларып, жүрегі жиі соғатын, денесі жүдеу, ысығыш және мінезі ашушаң болады.

Вазопрессин-гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон.Бұл қан тамырларын тарылтып, қан қысымын арттырады және бүйректегі қайта сорылуды күшейтіп, несептің пайда болуын күшейтеді.

Гематология-қан туралы ілім.

Гиповитаминоз-организмге келген витаминнің мөлшері.

Гипофункция-организм, органдар қызметінің нашарлауы.

Гормондар-ішкі секреция бездерінен шығып, тікелей қанға және лимфаға қосылатын зат.

Диссимиляция-қабылданған тағамның денеге дарымауын, сіңбеуін және ыдыраған зат бөлшектерінсыртқа шығарудызат алмасудың диссимиляциясы деп атайды.

Катаболизм- организмдегі заттардың майдалануы.

Кретинизм-қалқанша безінің қыртыс қабатының ортаңғы аймағынан шығатын гормон.

Лактация- сүт безінен сүт шығу.

Липокаин- ұйқы безінің майда түтіктері эпителий қабатынан шығатын гормон.

Мальтоза-әрбір жануар және өсімдік клеткаларында ішек, ұйқы және сілекей бездерінің сұйықтығында болып,көмірсутегін ыдырататын фермент.

Метаболизм-заттың алмасу қыбылысы.

Микседема-қалқанша безінің қызметі нашарлағанда зат алмасуы 30-40пайызғатөмендеп, ұлпа аралық сұйықтардыңкөбеюіне байланысты салмақ артыпотыратын ауру.

Ноадреналин-бүйрек безінің жұмсақ қабатынан шығатын гормон,адреналин тәрізді әсер етеді.

Окситоцин-гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон.Окситоцин жатырдың бірыңғай салалы бұлшық етін жиырады, сүт безінен сүттің шығуына да әсер етеді.

Панкреатин-ұйқы безінің ферменттеріне кіретін зат.

Профермент-белгілі бір заттардың әсерінен ферменттік қасиетке өтетін заттар.

Резистентность-қарсы тұру, шыдамдылық.

Тироксин-қалқанша безінің гормоны.Ол белок,май және көмірсутектердіңалмасуын арттырады, сонымен қатар қандағы глюкоза тез сіңетін болады.

Фагоцитоз-мұнда қанның ақ түйіршіктерінің бірі организмге түскен 15-20 бактерияны ұстап жояды да, өзі де өледі.

Холин-май мен фосфолипидтердің алмасуына қатынасады.

Эндокринология-ішкі секреция бездерінің физиологиясын,биохимиясын, патологиясын зерттейді.

Эстроген-әйел жыныс гормоны.Ол жыныс безінен және бүйрек безінің қыртыс қабатынан шығады.

  1. Дәрістер

Тақырып 1. Биологиялық белсенді затар пәніне кіріспе.

Организмде белгілі бір әрекеттерді(функцияларды) реттейтін өзіндік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар дейді. Оларды төрт топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагармондар, телегрондар

Физиологиялық белсенді заттардың жіктелуі. Гормондар-ішкі секреция бездерінің өнімдері(инсулин, гидрокортиозин т.б.).

Гормоноидтар-ішкі секреция бездерінен тыс жерде түзілетін өнімдер(гастрин, ацетилхолин т.б.).

Парагормондар-зат алмасу өнімдері(көмірқышқыл газы, несепнәр).

Телегрондар-бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп, басқа дарақтарға әсер ететін заттар(ферромондар, алломондар т.б.).

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды торшаларды торшалық гормондар деп атайды. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

Парагормондар деп ұлпаларда зат алмасу өнімі ретінде бөлініп, физиологиялық белсенділік көрсететін заттарды атайды. Ішкі секреция бездерінен тыс, басқа мүшелер мен ұлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен көптеген физиологиялық әрекеттерді реттеуге қатысатын химиялық құрылымы жағынан әртекті физиологиялық белсенді заттарды гормоноидтар деп атайды.Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, ұлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.

Бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп, басқа дарақтарға әсер ететін физиологиялық заттарды (ферромондар, алломондар) телегрондар деп аталады.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,3,4.

Тақырып 2.Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.

Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуі.

Маманданған торшалардың биологиялық белсенді заттарды торшааралық кеңістікке , одан ары қанға бөлуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген. Бұл тұжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негізделген. Сондықтан ол ішкі секрециялық жүйеге қалқанша безді, айырша безді, бүйрек үсті бездерінен, көк бауырды , лимфа түйіндерін жатқызған.

Көп жағдайда ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын құрылымдарда биологиялық белсенді заттардың(көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзілу процесін де жатқызады. Аталған заттар организм функцияларына гуморальдық жолмен әсер етеді.Дегенмен, ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі секреция деген түсінікті мүшелердің, ұлпалардың, торшалардың алмсасу өнімдерінен шатастыруға болмайды.

Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді атайды. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз-ішкі, крино-бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар(грек тілінен аударғанда гормон-қозғаймын) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мөлшері шағын болады, бірақ олар қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді.

  1. тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік(плацента), айырша без, гипофиз, эпифиз және тимус жатады.
  2. Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы

  1. Ішкі секреция деген не?
  2. Олардың жіктелуі.

1. Маманданған торшалардың биологиялық белсенді заттарды торшааралық кеңістікке, одан әрі қанға бөлуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізді. Ол дененің барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деген. Бұл тұжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Сондықтан ол ішкі секрециялық жүйеге қалқанша безді, айрша безді, бүйрек үсті безді, көкбауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған.

Көп жағдай да ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын құрылымда биологиялық белсенді заттардың (СО2, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин, т.б.) түзілу процесін жатқызады. Аталған затар организм функциясына гуморальдық жолмен әсер етеді. Дегенмен, ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасатын эндокриндік бездердің дамуына байланысты п.б.реттеу тетігі. Сол себепті ішкі серкеция деген түсінікті мүшелердің, ұлпалардың, торшалардың алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды.

3. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар, өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады. Грек тілінен эндон-ішкі, крино-бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (гр.гормон-қозғаймын деген сөз) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мөлшері шағын болады, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларған қалқанша, қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айырша безі, гипофиз, эпифиз, тимус жатады. 2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс безі жатады.
Тірі ағзаның химиялық құрамы

Адам сыртқы ортадан түрлі қоректік заттарды: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздар мен суды қабылдайды.

Ақуыз (протеин) – құрамында амин қышқылдары бар, жоғарғы қосылыстары. Ақуыздың адам денесі үшін үлкен маңызы бар, оның денедегі орны ерекше, көптеген қызмет атқарады:

  1. құрылыс материалы, сүйек, тері, сіңір, ұлпаның негізгі бөлігі; ақуыз синтезінің нәтижесінде дене өседі, жетіледі.
  2. ұрпақтан ұрпаққа тән белгілерді сақтайды.
  3. қорғаныс, тасымалдау қызметтерін атқарады, 0000 пайда болуы, қанның ұюына қатысады. Тасымалдау қасиеті қанның құр/ғы гемоглобин О2 –н жасушаға тасымалдайды.
  4. реттеушілік қызмет. Денедегі ферменттердің, гормондардың құрамында ақуыз болады, олар ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап, оны реттеуге қатысады.
  5. Ақуыз денедегі энергия көзі болып табылады, 1 г ақуыз тотыққанда 4,4 ккал энергия бөлінеді.

Көмірсу – табиғатта қарапайым күрделі қосылыстар түрінде кездеседі. Олар полисахаридтер, дисахаридтер түрінде болады. Полисахаридтерге крахмал,гликогендер; дисахаридтерге қызылша, қант т.б. кіреді. Көмірсулар қанда, жемісте, картопта, т.б.көп болады. Көмірсулар ферменттердің әсерінен полисахаридтер→дисахаридтер→моносахаридтер.

Моносахаридтер – глюкоза, галактоза, фруктоза ішектің қабырғасында қанға сорылып, қақпа венасы арқылы бауырға барады. Бауырда биосинтездеуден өткен моносахаридтердің бір бөлігі гликогенге, ал енді бір бөлігі глюкозаға айналады. Гликоген бауырда, бұлшық еттерде қор болып жиналады. Глюкозаның қандағы деңгейі 0,1-0,2% болады, қандағы мөлшері 4,44 ммоль/л –6,66 ммоль/л; егер осы шама төмендесе – гипогликемия, жоғарыласа – гипергликемия деп аталады.

Глюкозаның қандағы мөлшері ұйқы безінің гормондары инсулин, гликоген реттеп тұрады. Глюкозаның қандағы деңгейі ОЖЖ бақылауында болады. Француз ғалымы Клод Бернар бақаның сопақша миындағы ІҮ қарыншаның түбіне инемен шанышқанда қандағы глюкоза мөлшері көбейген.

Май. Химиялық құрамы жағынан күрделі қарапайым болып табылады. Адам денесіндегі майлар негізінен нейтральдық майлар болып саналады. денедегі май құр-с қызмет атқарады, энергия қоры болып саналады. 1 г май қорытылғанда 9,3 ккал энергия. Нейтральдық майлар адам денесіндегі эндогенді су көзі болып есептеледі. 100 г май тотыққанда 107-103 л су пайда болады. Майлар денедегі су алмасуын реттейді. Нейтральды майлар жасушалардың, цитоплазманың, ядро мен оның қабығының бөлінбес құрамы. Майлар денеде тері астында қор болып жиналады, денедегі жылудың көп мөлшерде бөлінуінен сақтандырады.

Су. Адам денесінің 1/3 бөлігі судан тұрады. Су әрбір жасушаның бөлінбес құрамы болып саналады. қан мен лимфаның сұйық бөлімі судан тұрады. Қызметі: 1) қоректік заттарды қорытуда су еріткіш қызмет атқарады; 2) еріген заттарды тасымалдау; 3) денедегі мүшелердің бір-бірімен үйкелісінен сақтайды; 4) дене t°-н қалыпты ұстайды;

Ересек адамдардың дене салмағының 60-65%-і судан тұрады.

Денеге түскен су деполарында сақталады. Су мөлшері шамадан көп болса, дене сумен уланады.

Минералды тұздар.

Натрий –жасуша аралық сұйықтықтың осмотикалық қысымының тұрақтылығын сақтайды, ішкі ортаның қышқыл-сілті реакциясын реттеуге қатысады. Na негізінен сүйек ұлпасында болады. Тәулігіне 10 г натрий тұзы қажет.

Калий – осмостық қысымды реттейді, с.к. жүйке жүйесінің медиаторы ацетилхолиннің пайда болуына әсер етеді. Гликогеннің пайда болуы осы калий ионын сіңіру арқылы жүзеге асады. Тәулігіне 1 г калий керек.

Хлор – жасуша аралық сұйықтық құрамында осмостық қысымның тұрақтылығын сақтайды.

Кальций және фосфор – негізінен сүйек ұлпасында, тіс эмалінде болады. ОЖЖ қызметі үшін де кальций, фосфор тұздарының маңызы зор. Ересек адам үшін тәулігіне 0,6-0,8 г кальций қажет. Сүйектердің дұрыс қалыптасуы үшін кальций мен фосфор керек. жас организмге, екіқабат әйелге кальций қажеттігі өте жоғары болады.

Темір – денеде құр/с түрінде, қанда гемоглобин және т.б.тыныс ферменттерінің құрамына кіреді. Тәулігіне 10-30 мкг. Темір жетіспесе адам қан азаю дертіне ұшырайды.

Йод – денеде өте аз мөлшерде болады, бірақ оның маңызы өте зор. Йод қалқанша безінің құрамында кездеседі. Ол денедегі барлық зат алмасуға қатысады, өсуді, дамуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар денеде мөлшері өте аз Со, Zn, F тәрізді элементтер кіреді, сондықтан оларды микроэлементтер деп атайды.
Ішкі секреция

Ішкі секреция бездерінің қызметін бірнеше әдістермен зерттейді.

  1. Клиникалық бақылау-жеке бездердің қызметінде ауытқу байқалған организмге бақылау ұйымдастырып, ауытқулар айқындалады.
  2. Безді сылып тастау-экстирнация-арнаулы операция жасап, юезді алып тастайды да организмде болып жатқан өзгерістерді анықтайды.
  3. Безді алмастырып отырғызу-трансплантация. Бұл әдіс 3 түрлі жолмен қолданылады:
  1. Аутотрансплантация,
  2. Гомотрансплантация,
  3. Гетеротрансплантация.

  1. Аутортрансплантацияда без өзінің қалыпты орнынан сол организмнің басқа жеріне қондырылады.
  2. Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі бір организмнен екінші организмге қондырылады.
  3. Гетеротрансплантация бір түліктің безін екінші түлікке орналастыру.
  4. Организмді қосарлау немесе парабиоз. Арнаулы операция жасап, бір түрге жататын 2 организмнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ қан айналым жүйесі қалыптастырылады.
  5. Ішкі секреция бездері сығындысын немесе гормондар егі. Бұл әдіспен бездің жасанды түрде гиперфункциясы тудырылады.
  6. Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, өгерген жолдарын анықтау.
  7. Радиоавтография-организмге молекулада радиоактивті атаомы бар гормон егіп, белгілі бір мерзім өткен соң оның ұлпаларынан тілім алады да, одан жұқа қиынды дайындайды. Осыдан кейін қиындыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық эмульсияға салады. өңделген пленкада гормон шоғырланған жерде қара дақ байқалады.
  8. Гормондарды химиялық және биологиялық әдістермен анықтау әдісі практикада кеңінен қолданылады.

Бақылау сұрақтары: Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдарынан қандай аурулар пайда болады?

Ішкі секреция бездері қызметін қандай әдістермен зерттейді?

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5.
Тақырып 3 Гормондар.

1.Гормондарға жалпы сипаттама.

2. Гормондарға тән қасиет.

3. Гормондардың әсер етуі.

Гормон деген атауды 1902 ж ағылшын ғалымдары В. Бейлис пенЭ. Старлинг

Ұйқы безі сөлінің бөлінуінін реттейтін секретин деген затқа байланысты енгізген. Гормондар, немесе инкреттер,- ішкі секреция бездерінде түзілетін биологиялық белсенді заттар. Олар құрылымдық материал да, қуат көзі де болмайды, олар ерекше биокатализаторлар-реттегіш заттар.

Табиғатына қарай гормондарды төрт топқа бөледі: стероидтық гормондар, полипептидтік гормондар, амин қышшқылдарының туындылары, белок тектес гормондар. Стероидтық гормондар холестериннің туындыларына жатады. Бұл топты бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінің гормондары құрайды.Полипептидтік гормондарға окситоцин, вазопрессин, амин қышқылдары туындыларына-тироксин, бүйрек үсті бездерінің боз затының гормондары – катехоламиндер, ал белоктектес гормондарға- гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөліктері мен аралшық без (ұйқы безі) гормондары жатады.

Организмге ететін әсерлерінің сипатына, физиологиялық мәніне қарай гормондар метаболизмдік, морфогенездік және үйлесімдік гормондар болып бөлінеді.

Метаболизмдік гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны-белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын өзгертеді; тироксин-қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.

Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін бағыттап, реттеп отырады. Олар организм мүшелерінің, бөлікңтерінің, белгілерінің дамуындағы реттілікті қамтамасыз етеді.

Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін арттырады, шеткей қан тамырларына тартылады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады.

Атқаратын қызметіне, әсер бағытына қарай гормондар 3 топқа бөлінеді. 1)Эффекторлық гормондар-олар тікелей нысана мүшелерге әсер етеді.

2)Троптық гормондар- эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады.

3)Релизинг гормондар-гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін жандандырады және гипоталамустың нейросекрециялық қызметін реттейді.

2. Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.

1. Алшақ (дистанциялық) әсер-гормондар өздері түзілген бездерден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.

2. Өзіндік әсер- әрбір гормон организмде жүретін белгілі юір процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе белгілі бір процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олардың әсері не бірыңғай (синергиялық), не кереғар(антогонистік) болуы мүмкін.

3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын жиілетеді. 1г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.

Қолданылған әдебиеттер: 13,14,15,16.
Тақырып 4. Витаминдер.

Зат алмасу процесінде витаминдердің маңызы. Майда және суда еритін витаминдер.

Витаминдер адам мен жануарлар тіршілігі үшін өте қажетті майда молекулалы органикалық қосылыстар. Олар құрылымдық материал да емес, қуат көзі де болып табылмайды,бірақ ферменттік жүйелердің құрамасы, зат алмасу процесінің катализаторы болып табылады.Витаминдер организмге өте аз мөлшерде қажет. Қорек құрамында олардың болмауы немесе олардың тапшылығы зат алмасу процесін бұзып, организмді түрлі ауруларға(мешел, ақшам соқыр, жүйке қабынуы, қырқұлақ т.б.)шалдықтырады.

Витаминдер ерігіштік қасиетіне қарай майда еритін(А,Д,Ғ,Е, К.) және суда еритін витаминдер (В тобы, К, инозит, фоли қышқылы, пантотен қышқылы, РР, С,Р.) болып жіктеледі. Әр витаминдерге белгілі бір биологиялық қызмет тән.

. Майда еритін витаминдер.А витамині (ретинол)-каротин туындысы, организмде эпителий торшаларының түзілуін реттейді. Ол жетіспесе организмнің

Витаминдер.
Зат пен энергия алмасуы.

  1. зат пен энергия алмасуындағы байланыс.
  2. Ассимиляция мен диссимиляция. Олардың анаболизм мен катаболизм процестерімен ұқсастығы мен айырмашылығы.
  3. Зат алмасудың кезеңдері мен түрлері.
  4. Зат алмасуға әсер ететін факторлар.

Тірі организм өлі табиғаттан өзінің күрделі химиялық құрамының салытырмалы тұрақтылығын сақтау мүмкіншілігмен ерекшеленеді. Организмнің әрбір клеткасынығ молекулалыққұрамы үздіксіз жаңарып отырады. Олардың біразы толық бұзылады да, жаңа молекуламен алмасады, ал кейбірі жартылай өзгеріске ұшырайды. Тірі организмдегі осындай химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды.

Жеке торшалар мен бүкіл организмдегі з.а.организмге сыртқы ортадан қорек құрамында келген қор заттардың өзг-мен клетка цитоплазмасының құрамына енуімен байланысты, яғни зат алмасу дегеніміз тіршілік процесінің химиялық қозғалысы. Ал энергия алмасуы деп организмде энергия түрлерінің бір-біріне ауысуын, түрленуін және қуатты заттардың жинақталып пайдалануын айтады. Тірі организмге тән қасиеттің бірі-құрылымдық өзгерістер мен энергия алмасуының тұтастығы. Клетка құрамындағы химиялық заттар бір жағынан құрамының тұрақтылығымен, екінші жағынан ферменттердің әсерімен ыдырап, түрленіп, энергия көзіне айналып отырады. Демек зат пен энергия алмасуы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Олар бір процестің 2 құрамасы болып табылады.

2. Зат алмасу бір-бірімен тығыз байланысты ассимиляция мен диссимиляция процестерінің жиынтығы.

Ассимиляция – зат алмасу процесінің қоректік заттарды қабылдауымен оларды дененің құрылымына тірі материяға (клетка цитоплазмасы) айналдырумен.

Ол бірнеше сатыда атқарылады.

  1. Сыртқы ортадан организмге қажет заттарды қабылдау.
  2. Қабылданған заттарды организм клеткалары, ұлпалары сіңіре алатын қосылысқа айналдыру.
  3. Клетка құрылымын б.б.заттарды түзу ескірген құрылымдарды алмастыру, жаңарту.
  4. Қарапайым заттардан күрделі қосылыстар түзу.
  5. Денеде қор жинау.

Яғни ассимиляция анаболизмге ұқсас, бірақ ол клеткадан тыс жүретін процестерді қамтиды (қоректену, қор жинау). Ал анаболизм ұлпалар мен клеткалардың қоректік заттарды сіңіріп организмге тән дене құрамын тіршілік әрекеттері үшін қажетті қосылымдарды түзуді қамтамасыз ететін физикалық, биохимиялық процестер жиынтығы.

Бұл процестер бос энергияныпайдалану шағындау нәтижесінде атқарылатын яғни анаболизм эндоэнергиялық процесс.

Диссимиляция-зат алмасу процесінің тірі материяны ыдырату мен бұзу бөлімі.бұл процесс бірнеше сатыда жүреді.

  1. Организм қорын жұмылдыру.
  2. Күрделі қосылыстарды қарапайым заттарға ыдырату.
  3. Ұлпа мен клетканың ескірген құрамдарын ыдырату, бұзу.
  4. Қуатты заттарды ыдыратып, энергия бөлу.
  5. Организмдегі ыдыраған өнімдерді бөліп шығару.

Диссимиляция катаболизм процесін қамтиды. Катаболизм нәтижесінде клеткадағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды. Бұл энергияны организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау, атқару, өніп-өсу үшін жұмсайды және түрлендіреді, энергияның басқа түрлеріне айналдырады. Ассимиляция мен диссимиляция бір-бірімен тығыз байланысты.

3. Зат алмасу 3 кезеңде өтеді.алғашқы кезеңі сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде биологиялық, химиялық, механикалық өңдеуден өтеді. Қорытылуынан бастап. Сондықтан ас қорыту процесі зат алмасудың бастапқы сатысы деп саналады. ас қорыту жолынан кейін қоректік зат ыдырау өнімдерінің қан мен лимфаға сіңуінен 2-ші кезең басталады. Бұл кезеңде әртүрлі органикалық заттар түзіліп, қоректік заттар қуат көзі, құрылымдық материал ретінде пайлаланылып, ескірген құрылымдардың ыдырауы барысында көптеген аралық және зат алмасу өнімдері пайда болады.

3-ші кезеңі организмде пайда болған зат алмасу өнімдерін бөліп шығару.

Жалпы зат алмасу деп организмде қалыпты жағдайда өтетін з.а.айтады, яғни жаңағы 3-ші кезең. Негізгі зат алмасу – толық тыныштық пен ашқарын жағдайында организмнің тіршілік маңызы зор физиологиялық процестерін қамтамасыз ететін зат алмасу деңгейі. Бұл процестерді зерттеу үшін 3 түрлі шартты сақтау керек.

  • толық тыныштық,
  • ашқарын жағдайы,
  • сыртқы ортаның бейтарап температурасы.

М:малдарға тәжірибе жүргізгенде бұл шараларды сақтау қиын. Сондықтан негізгі зат алмасу деңгейі адамда ғана анықталады. Негізгі зат алмасу деңгейі дене массасының немесе беткейінің әрбір өлшеміне 1 сағат немесе 1 тәулік ішіндегі жұмсалған КДж немесе ккал энегиясымен сипатталады. Ер адамда бұл деңгей дененің 1 кг массасына 1 сағатта –4,19 КДж немесе 1 ккал болады.

Аралық зат алмасу деп қоректік заттардың ас қорыту ағзасынан сіңірілгеннен кейінгі күрделі химиялық өзгерісінің жиынтығын айтады. өнімдік зат алмасу деп белгілі бір жұмыстың атқарылуын өнімнің өндірілуін қамтамасыз ететін зат алмасу процесінің деңгейі.
Зат алмасуына әсер ететін факторлар

Организмдегі зат пен энергия алмасу процесінің қарқынына көптеген факторлар әсер етеді, оған әсер етпейтін не ішкі, не сыртқы фактор болмайды. Зат алмасу процесі организмнің күйіне (жасына, жынысына, салмағына, қоректену, жұмыс және физиологиялық жағдайына) және қоршаған орта жағдайына (t°, қысым, дымқылдық) қарай өзгеріп отырады. Жас организмде сақа организмге қарағанда зат алмасу процесі қарқынды өтеді. Бұл жас организмде даму, өсу процестерімен байланысты. Зат алмасу процесі аналық дарақтарға қарғанда аталық дарақтарды қарқынды жүреді. Дене жұмысы, лаутация, жүктілік зат алмасу қарқынына әсер ететін негізгі факторлар.

Зат алмасу қарқыны дененің мөлшеріне де байланысты. Майда жануарларда ірі жануарларға қарағанда қарқынды жүреді.

Рубнер зат алмасу қарқынына әсер ететін бірден-бір фактор дененің беттік аумағы деп санап, “беткей заңын” ұсынған. Бірақ зат алмасу қарқынына тек дене мөлшерінің беткейі ғана емес, организмнің эволюциялық даму барысында қалыптасқан ерекшеліктер де әсер етеді. Томме зерттеулеріне сәйкес қойды қырыққаннан соң зат алмасу процесі орта есеппен 12,6% жоғары болады. Зат алмасу процесі қарқыны тәулік бойынша да өзгереді, күндіз күшейіп, түнде төмендейді.

Зат алмасу қарқыны организмнің қоректенуімен, қоректік заттарды сіңіруімен де байланысты да күшейеді. Бұл құбылысты қоректің өзіндік динамикалық әсері деп атайды. Бұл құбылыстың туындауына жүйке жүйесі белгілі роль атқарады. Симпатикалық нервтің құрсақтаық тармағын қиып тастаса бұл байқалмайды.

Тақырып 5. Ферменттер

  1. Ферменттердің маңызы.
  2. Ас қорыту ферменттерінің жіктелуі

1.Ферменттер немесе энзимдер тірі торшалардың барлық әрекеттеріне қатысып, организмдегі затарды өзгеріске ұшырататын, зат алмасу процесін реттейтін биологиялық катализаторлар, айырықша белоктар.

Тірі организмде жүретін барлық процестер ферменттердің қатысуымен атқарылады. Ферменттерге өте зор талғамдық қасиеттер тән. әрбір фермент тек белгілі бір қатқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. М: малтоза қантын ыдырататын мальтаза ферменттері басқа қанттарға әсер етпейді. Ферменттер әрекетінің негізінде 3 түрлі әсер бар:

  1. жинақтау (концентрациялау) әсері,
  2. бағдарлау (ориентациялау) әсері,
  3. көп бағытты катализ.

Ферменттер алдымен ерітіндіде қор.заттар субстратының әртүрлі молекулаларын талғап алып, оларды өз беткейіне жинақтайды да, бұл мол-дың өзара әрекетін тездетеді. Ферменттердің бұл әрекетін жинақтау әсері деп атайды.

Қоректік заттардың ыдырау процесі дұрыс жүру үшін фермент беткейіне жинақталған субс-тар мол-ң белгілі аудандары 1-1 мен жанасу керек, демек 1-1 не бағдардануы керек. ферменттің осындай бағдарлау әрекетінің әсерінен қоректік заттардың ыдырау процесі мыңдаған есеге шапшаңдайды. Ферменттердің негізгі қасиеті оның құрылымында. Қазіргі деректерге қарғанда ферм.мол-да белсенді орталық деп аталатын бөлік болады. Ферменттердің қоректік затқа әсер етуі үшін субстрат мол-ң пішіні осы белсенді орталықтың пішінімен үйлесуі керек. белсенді орталық функ-қ топтан (стериннің ОН тобы) немесе жеке амин қышқылынан тұрады. 1-сіңіру аймағы, 2-катализдік топ. Ол арқылы ферм.субстрат молекуланың белгілі 1 орт.шабуылдап, көп бағытты катализ процесі жүреді.

2.Ферменттердің қазіргі кездегі қолданылып жүрген жіктелуі биохимиктердің 1961 ж.Мәскеуде өткен халықаралық сьезінде қабылданған. Бұл жіктелудің негізіне фермент жүргізетін реакция түрі алынған. Ал фермент аты өзі ыдырататын субстрат атына –аза- деген жалғау қосылудан шығады. М.целлюлозаға әсер ететін фермент целлюлаза, мальтозаға ә.е.фермент мальтаза, т.с.с. осы принциппен барлық ферменттер 6 топқа бөлінген. Асқорыту ферменттері үшінші гидролазалар тобына жатады. Олар организмдегі қосылыстарды су қосу арқылы арқылы ыдыратады, сондықтан мұндай реакция гидролиз деп аталады.

Гидролазалар тигізетін әсеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

1.Гликолиздік ферменттер (амилаза, декстриназа, глюказидаза, галактозидазаға (лактаза), фруктофуронидоза т.б.) гликолиздік қосылыстарға;

2.протеолиздік ферменттер (пепсин, катепсин, ренин, трипсин, химотрипсин, эластаза, коллагеназа, карбоксипептидаза, т.б.) пептидті 3.липолиздік ферменттер (липаза, фосфолипаза А, сілтілік фосфатаза) эфирлі әсер етеді. Көптеген ферменттер бұйығы ( )түрде б-ді. Олар не басқа гидролиздік ферменттердің, не электролиттердің, не жеке иондардың (кальций, магний, цинк) әсерімен белсенді түрге айналады.

әрекет мағынасына қарай эндо-, экзоферменттер болып бөлінеді.

Экзоферменттер мономерді субстр-ң шеткей тізб.бөлсе, эндоферменттер полимер тізбегінің ішкі бөл.әсер етеді.

Ас қорыту ферменттерінің әсері мен қасиеттері бір-бірімен тығыз байланыстығ сондықтан олар ферменттік жүйе құрайды. Ферменттік жүйе деп қоректік заттың полимерлі мөлшерін, белгілі ретпен ыдырататын ферменттер тобын айтады. Осы жүйенің құрамындағы бір фермент қызметі бүлінсе, бүкіл ас қорыту процсеі бұзылады.
Қолданылған әдебиеттер: 13,14,15,16.

Тақырып 6. Зат және энергия алмасу процестері..

Қолданылған әдебиеттер: 13,14,15,16.

Тақырып 8. Нуклеин қышқылдары..

  1. Нуклеин қышқылының құрылысы
  2. ДНК мен РНК құрылысы, құрамы, қасиеті. Қазметтегі ерекшеліктер
  1. Нуклеин қышқылдары – маңызды биополимерлер. Оларды 1869 жылы ірің құрамынан алынған лейкоциттер ядросынан Швейцария химигі Ф.Мишер бөліп алған. Кейінірек бұл қасиеттер барлық өсімдіктер мен жануарлар торшалары, вирустар мен бактерия құрамынган табылған.

Табиғатта нуклеин қышқылының екі түрі – дезоксирибонуклеин (ДНК) және рибонуклеин )РНК) қышқылдары кездеседі. Олардың аттары құрамындағы пентозалы қанттың табиғатына байланысты. ДНК молекуласында пентозды қант дезоксирибоза, ал РНК молекулаларында рибоза кездеседі. ДНК мен РНК ның бірнеше түрлері болады. Бұл ұышқылдар генетикалық ақпараттың сақталуын және ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНК негізінен торша ядросының хромосомасында және митохондрияларында орналасқан. РНК ядрошықтар, рибосомалар, митохондриялар мен цитоплазма құрамына енеді. ДНК молекуласы бір-біріне спираль түрінде орала орналасқан, қосарланған полинуклеидтік тізбектен құралады. әр тізбек нуклеотидтерден (снаы әртүрлі) түзіледі. Нуклеин қышқылдары молекулалары құрамында нуклеотидтер саны әртүрлі. Тасымалдаушы РНК молекуласында олардың саны 890-ге жуық болса, ДНК молекуласында ондаған мыңға жетеді. ДНК-ның кез-келген нуклеотидінің құрамына аденин, гуанин, тимин, цитозин азотты негіздерінің бірі, дНК және фосфор қышқылдарының қалдығы енеді. РНК-нің нуклеотидінің құрамына азотты негіздер – аденин, гуанин, урация, цитозиннің бірі рибоза және фосфор қышқылының қалдығы енеді. Демек нуклеотидтер тек азотты негіз сипатымен өзгешеленеді. Цитозин, тимин, урация – пиримидин негіздеріне, ал аденин мен гуамин – пуриен неігізне жатады.

  1. ДНК мен РНК құрылысы торшада орны жағынан ғана емес, қасиеттері мен атқаратын қызметтері жағынан да ерекшеленеді.
  1. ДНК молекуласы бір-біріне спираль түрінде бұрала орналасқан қос полинуклеодтік тізбектен құралса, РНК молекуласы жалғыз полинуклеотидтік тізбектен құралады.
  2. ДНК мономері — рибонуклеотидтер. Дезоксинуклеотидтер құрамында азотты негіз (А, Г, Т, Ц), дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы болса, рибонуклеотид құрамына азотты негіз (А,Г,У,Ц), рибоза және Н3РО4 қалдығы енеді. ДНК нуклеотидтері аденилді (А), гуанилді (Г), тимидилді (Т), цитидилді (Ц), ал РНК нуклеотидтері аденилді (А), гуанилді (Г), уридилді (У), цитидилді (Ц) типке жатады.
  3. ДНК молекуласы тұрақты және репликациялануға (еселенуге) қабілетті, ал РНК молекуласы өзгергіш (лабильді) және репликациялануға қабілетсіз.
  4. ДНК торша ядросы мен митохондрияда, ал РНК ядрода, цитоплазмада, рибосомада, митохондрияларда орыналасады.
  5. ДНК гендік ақпаратты сақтап, ұрпаққа береді, ал РНК (ақпараттық, тасымалдаушы РНК)белок биосинтезін қамтамасыз етеді.
  6. ДНК РНК-нің құрылымын, ал РНК түзілетін белок молекуласының құрылымын анықтайды.

Қолданылған әдебиеттер:1,2,3,4,5..

Тақырып 9. Көмірсулар..

Қолданылған әдебиеттер: 13,14,15,16.

  1. Құрылымы, қасиеті, маңызы
  2. Организмдегі көмірсулар алмасуы

1.Көмірсулар немесе қанттар – организмдегі органикалық қосылыстардың негізгі тобының бірі. Көмірсулар молекуласы көміртегінен, сутегінен, оттегінен құралады. Барлық көмірсулар қарапайым (моносахарид) және күрделі (полисахарид) болып бөлінеді. Моносахаридтер тек қуат көзі ғана емес, көптеген органикалық заттарды синтездеуде, улы заттарды зарарсыздандыруда маңызды роль атқарады. Екі және одан да көп моносахаридетрдің қосылуы (глюкоза, галактоза, манноза, арабиноза немесе ксилоза) нәтижесінде ди және полисахаридтер түзіледі. Полисахаридтерге крахмал, гликоген, целлюлоза, хитин, каллоза, инулин, т.б. жатады. Құрамында мономерлер саны өскен сайын полисахаридтердің ерігіштігі, тәтті дәмі жойылады. Көмірсулар организмде негізінен қуат көзі ретінде пайдаланылады және энергия қорына айналады (гликоген). Көмірсулар бұлшық еттегі биохимиялық процестер мен энергия алмасуында маңызды қызмет атқарады. Себебі қан құрамындағы глюкоза мөлшері азайса (гипогликемия) дене t° төмендеп, организм әлсірейді, орталық жүйке жүйесі мен бұлшықет қызметі бұзылып, жүрек жұмысы нашарлайды. Қандағы қант мөлшері күрт төмендесе, гипогликемиялық талықсу (шок) туындап, тіршілік тоқтап та қалады.

2.Ас қорыту жолында көмірсулар негізінен моносахаридтерге айналып, фосфорлану процесі өткен соң қанға сіңеді. Қанға өткен моносахаридтер қақпалық венамен бауырға тасымалданып, онда гликогенге айналады да, қорға жиналады. Гликогенез процесі бұлшық еттерде жүреді. Глюкозаның біраз бөлігі бауырда тотығу процесіне ұшырап, энергияға айналады. Немесе әртүрлі уытты заттарды зарарсыздандыруға қажет қосылыстарды (глюкурон қыш) түзу үшін пайдаланылады. Организм мұқтаждығына сәйкес бауырда көмірсулардың бір түрі екінші түрге айналып отырады. Бауырдың күрделі қызметінің арқасында қанның құрамындағы қанттың мөлшері бір деңгейде сақталады (адам қанында глюкоза деңгейі 100-120 мг% шамасы).

Бұлшық етте анаэробты ыдырау кезінде глюкозадан сүт қышқылының 2 молекуласы түзіледі. Бұл реакция барысында пайда болған энергияның бір бөлігі жылуға айналып, қалған бөлігі АТФ түзуге жұмсалады.

Организмде көмірсулар алмасуын орталық нерв жүйесі вегетативтік нервтер мен эндокриндік жүйе арқылы реттейді.

Тақырып 11. Су және су алмасуы

  1. Судың организм үшін биологиялық маңызы
  2. Су мен тұз алмасуын реттеу

1. Кез келген торша құрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Мысалы: сүйекте 20%, май ұлпасында 30%, бұлшық етте 75%, мидың сұр затында, өкпе, бауыр, бүйректе 80-85%, даму үстіндегі ұрық торшаларында 90% құрайды. Су торшаның тіршілік етуі үшін қажет заттың бірі. Ол цитоплазманың негізін құрайды. Денеде химиялық таза су болмайды. Ол не минералды, не коллоидтармен байланыста болады. Су барлық химиялық реакциялар жүретін әмбебап орта болып табылады. С.қ.барлық ыдырай (гидролиз) және тотығу, тотықсыздану реакциялары судың қатысуымен жүреді. Судың жылу сіңіргіштік қасиеті зор. Денеде жиналған жылу судың t°-н онша көтере қоймайды. Судың жылу сиымдылығының зор болуы ұлпаларды қатты қызып кетуден сақтайды. Организмде судың 3 түрі болады: 1)еркін байланыстпаған су, ол торша мен торша аралық қуыстағы органикалық және бейорганикалық заттарды ерітеді. 2) байланысқан су, 3)гидраттық су, ол органикалық заттар құрамына еніп, солар тотыққанда бөлінеді. Ас қорыту жолынан су қанға сіңеді, сондықтан сұйықта көп қабылдаған жағдайда қан қысымы көтеріледі. Қ.ж..мұндай ауытқу болмайды, өйткені судың артық мөлшері қаннан организмдегі су мен минералды заттар қоймасы болып табылатын тері шеліне өтіп кетеді де, тым артық мөлшері тер мен зәр құрамында сыртқа шығарылады. Су тапшы болған жағдайда су қоймаларындағы судың есебінен оның қандағы қалыпты деңгейі сақталады. Организмге су ауыз су тұрінде, қорек құрамында келеді. Қорек құрамындағы су белоктер, көмірсулар, майлар тотыққан кезде бөлініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы делінеді. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды.

2.Су мен электроиттердің торша мен торша аралық кеңістікте және организм мен қоршаған орта арасында таралуын қамтамасыз ететін процестер жиынтығын су мен тұз алмасуы деп атайды. Су мен тұздың алмасуы өте тығыз байланысты жүреді. Су мен тұз алмасуын реттейтін орталық орталық мидың гипоталамустық бөлігінде орналасқан. Орталықта денедегі электролиттер концентрациясының өзгерісін сезінетін ерекше осморецепциялық торшалар болады. Осы торшалардың қозуы салдарынан нервті-рефлекстік немесе гуморальдық жолмен бөлу мүшелерінің әрекеті өзгеріп, ауытқыған қысым қалпына келеді. Орталыққа денедегі су мөлшерінің ауытқуларын 4 рецепторлар хабарлап отырады. Олар ауыз қуысының кілегейлі қабығындағы рецепторлар (кебірсіну салдарынан тітіркеніп, шөлдеу түйсігін тудырады), ұлпалар осморецепторлары (ұлпадағы осмостық қысым деңгейінің өзгерісін хабарлайды; қарынның кілегейлі қабатындағы барорецепторлар(қарын қабырғасының ісінуі немесе семуі салдарынан тітіркеніп, шөлдеу түйсігін тудырады; иамырлар қабырғасындағы толым (волюм) рецепторлар (тамыр арнасындағы қан мөлшерінің өзгерісін сезеді. Организмдегі су мен минералды тұздардың алмасуын реттеуде вазопрессин құрамына енетін антидиурездік гормон маңызды. С.қ.реттеуде бүйрек үсті безінің қыртысты қабығынан бөлінетін альдестерон гормонының да маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер: 13,14,15,16.
Тақырып 10. Липидтер.

  1. Құрамы, қасиеті, қызметі
  2. Липидтер алмасуы.

1.Липидтер барлық торшаларда кездесетін органикалық қосылыстардың үлкен тобы. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде (эфир, хлороформ, бензол, бензин, т.б.) жақсы ериді. Химиялық тұрғыдан липидтер спирт пен май қышқылының күрделі эфирі болып табылады. Май қышқылдары көміртегі мен сутегінің ұзын тізбегінен және карбоксил тобынан құралады. Кейбір жағдайда май қышқылдарында көміртегінің 1 немесе бірнеше қос байланыстары болады. Бұл қанықпаған липидтер деп аталады. Молекулаларында қос байланыс болмайтын май қышқылдары мен липидтер қаныққан деп аталады. Липидтердің көпшілігі көп атомды спирт-глицерол мен 3 май қышқылы қалдығының күрделі эфирі болғандықтан оларды триглицеридтер деп атайды. Бұл қосылыстар сұйық май мен тоң май болып бөлінеді. Липидтің құрамында қанықпаған май қышқылы неғұрлым көп болса, соғұрлым оның балқу t°-сы төмен болады.

Липидтер стероидтер: өт қышқылы, холестерол, жыныс гормондары, Д вит т.б. терпендер: өсімдіктің өсу факторлары-гиббереллиндер, каратиноидтар, балауыз, фосфор және гликолипидтер, липолипидтер болып жіктеледі.

Суда ерімейтін қасиетіне байланысты липидтер торша мембранасының маңызды құрылымдық құрамына айналады. Липидтер маңызды қуат көзі. Жылуды нашар өткізетіндіктен жылу тұмшалағыш (изолятор). Май организмде судың түзілетін көзі, 100 г май тотыққанда 107 г су бөлінеді. Бұл құбылыстың шөлді мекендейтін жануарлар үшін маңызы зор.

С.қ.майлар организмнің өсу факторы болып табылатын линол қышқылының, биологиялық белсенді заттардың көзі. Денедегі май протоплазмалық және қордағы болып 2-ге бөлінеді. Протоплазма майына торша мембранасының, митохондриялардың, микросоманың құрамына енетін майлар жатады. Олардың құрамы мен мөлшері тұрақты, көп ауытқымайды. Қордағы майда тері шелінің, шарбының майы, бүйрек, жүрек сияқты ағзаның маңайына жиналған майлар жатады. Май торшалары – адиноциттер құрам. Майлар ұлпаларда энергия көзі.

2.Ас қорыту жолында қорек құрамындағы майдың бір бөлігі моно- және диглицериндерге және май қышқылына ыдырайды. Глицерин ішектен оңай сіңіріледі, ал май қышқылдары өт қышқылымен әрекеттесіп, холеинді кешен түзген соң ғана сіңеді. Қанға сіңген май қайтадан глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Ал май қышқылдары бета-окси, бета-кетоқышқылдар сатысынан өтіп, сірке қышқылына айналады да, олар осы жерде тотығып, су, СО-2 эәне энергия бөлінеді. Лимфаға сіңген хиломикрондар мен липопротеидердің көп мөлшерін өкпенің ерекше торшалары – гистоциттер сүзіп, алады да, олар осы жерде тотығу процесіне ұшырап, энергияға айналады. Бұл процестердің суық аймақта тіршілік ететін жануарлар үшін маңызы зор. өкпеден өткен хиломикрондар бүкіл денеге тарап, олар май қорына айналады. Организмге сыртқы ортадан энергия көзі аз мөлшерде түссе, онда ол қуатты қорға айналған майдан алады.
Тақырып 12. Минералды заттар. .

  1. Минералды заттардың жалпы сипаттамасы, алмасуы
  2. Жеке минералды элементтердің маңызы мен алмасуы

1.Минералды заттарға Д.И.Менделеевтің периодикалық кестесіндегі 100-ден аса элементтер кіреді. Осы кеседегі 4 элемент – Н,С,О,N органикалық элементтер де, ал қалғандары минералды элементтерге жатады. Көлемі жағынан ең көп кездесетін алғашық 7 минералды элементтер макроэлементтер деп аталады. Олар: Са, Mg,K,Na, S, CL. Денедегі бүкіл макроэлементтердің 75% осылардың үлесінде. Ал организмнің 0,1% микроэлементтерден тұрады және ультрамикроэлементтер 10(-1)% -тен төмен кездеседі. Ең негізгі ультрамикроэлементтер Se,As,U Ni, T,S,Ag,Ba т.б. тіршілік процесінде атқаратын биологиялық ролі жағынан да организмдегі минералды заттарды 3 топқа бөледі. 1-топқа биологиялық маңызы зор, организмге өажетті қасиеттері белгілі элементтер жатады. Олар Са, Mg,K,Na, S, CL,Se,Р,Ғе бұларды биологиялық активті немесе биотикалық элементтер деп атайды. 2-ші топқа тіршілікке қажет, бірақ нақытылы биологиялық қасиеттері әлі анықталмаған элементтер жатады олар: 0000000000. 3-ші топқа биологиялық қасиеттері өте аз зерттелген, бірақ организм құрамында жиі кездесетін элементтер жатады. Организмде минералдық заттар маңызды қызмет атқарады. Олардан сүйек ткані, клетка мембранасы құрылады. Олар клеткадағы осмос қысымы мен осмос құбылыстарын реттеуге қатысады.

Минералды заттардың реттелуі дегеніміз – сыртқы ортадан ас қорыту жолдары арқылы организмге еніп, сіңіп, органдар мен тканьдерде жиналып, алмасуы, содан кейін қайта сыртқа шығарылуы. Минералды заттардың белгілі бөлігі қарында, негізгі массасы ащы ішекті шырышты қабығында сіңіріледі. Сіңірілген минералды заттар клеткаралық кеңістік арқылы қан жүйесіне өтеді. Содан бүкіл организмге тарайды. Макро және микроэлементтердің организмде маңызды органдар мен тканьдерде белгілі бір заңдылықпен шоғырлануын байқаймыз. Мысалы, K, Mg, F, Sr, Pb және т.б. сүйекте, темір-жілік майында, көкбауырда, мырыш пен марганец –ұйқы безінде, К-клетка ішінде шоғырланады. Минералды алмасудың ақырғы өнімдері организмнен несеппен, термен және нәжіспен шығарылады.

2.Кальций –сүйек тканінің құрамында 99%-ке дейін фосфор және көмір қышқылының тұздары түрінде болады. Ол сүйектің негізгі құраушы, Са қанның үюына қатысады. Организмге азық құрамымен түседі. Са сіңірілуіне көптеген факторлар әсер етеді. Соның ішінде Д витамині, Са негізінен ішек пен қарында сіңіріледі. Ішекте сіңірілген Са бауырға түседі. Жас төлдер тіршілігіндегі алғашқы күндері азық құрамындағы Са жақсы сіңіреді де, марқайған сайын төмендейді. Са жетіспеушілігінен рахит ауруына шалдығады.

Магний – зат алмасу процсеінде Са мен Р-мен тығыз байланысты элемент. АТФ мен миозин, т-РНК, и-РНК араларындакөпірше қызмет атқарады. Ол митохондрияның бірегейлі құрылымының сақталуын қамтамасыз етіп, онда тотықтыра фосфорлауды жүзеге асырып, АТФ-ның түзілуін ұлғайтады. Бұлшықет АИФ-азасын, фосфотазаны, энолазаны, карбоксилазаны активтендіреді. Магний дене температурасын рететуге қатысады, иммуноглобулиннің биологиялық түзілуін активтендіреді. Магний қарында жіне 12 елі ішекте сіңіріледі. Организмнен несеппен, термен шығарылады. Магний жетіспеушілігі немесе оның алмасуының бұзылуы салдарынан гипомагнемия байқалады.

Натрий, калий, хлор.

Натрий ас қорыту жолына ас тұзы құрамында түседі. Натрий алмасуы өте қарқынды жүреді. Натрий мен калий организмнен бүйрек арқылы шығарылады. Олар организмдегі биохимиялық процестерге, су, минерал, азот және май алмасуына қатысады, сілтілік-қышқылдық теңдікті ұстауға көмектеседі. Бұл элементтер антогонистер болып табылады. Егер азық құрамында біреуінің көлемі өссе, екіншісінің алмасуына кедергі туады. Калий, натрий, сальций иондарының ара қатынасы жүрек жұмысының қалыпты сақталуына әсер етеді. Калий ас құорыту жолының өн бойы сіңірілсе, ал натрий ащы ішекте, қарында және тоқ ішекте сіңіріледі. Калийдің алмасуы кортикостероидімен, ал антрийдің алмасуы альдостеронмен реттелді.

Мыс. Ол да темір сияқты қанның дұрыс түзілуіне қажет элемент. Бьұл элемент темірдің гем құрамына енуін тездетіп, эритроциттердің жетілуіне әсер етеді. Мыс қарында және ащы ішекте қорытылады.

Мырыш. Инсулин гормоны мен көптеген ферменттердің белсенділігін арттыру мақсатында, мырыш өсіп жетілу, көбею процесіне ықпал етеді. Пролактин гормоны арқылы сүттілікке, фолликулин арқылы жыныстық қабілеттілігіне әсер етеді.
Тақырып 13, 14.Минералдық азықтандыру мәселелері.

Тақырып 15 Зат алмасуының өзара байланыстары.

Минералды заттарды азықтандыру

Минералдық заттардың алмасуы, реттелуі және бұзылуы.

Минералдық алмасу жүйке жүйесімен, ішкі секреция бездерімен және азық құрамымен реттеледі. Мысалы, паратгормон Са мен р-дың және магнийдің алмасуын реттейді. Альдестерон натрийдің клеткадан қан плазмасына және керісінеша калийдің қан плазмасынан келткаға өтуін реттейді. Вазопресиннің әсерінен органдарда, тканьдерде, клеткаларда минералдық заттардың кідіру пайда болады. Минералдық алмасудың алғаш және соңғы бұзылулары болады. Алғашқы бұзылу азықта, суда және жекелеген минералды элементтердің жетіспеушілігінен немесе шектен тыс болуынан пайда болады. Бұған иодтың күнделікті рационда жетіспеуінен туатын эндемиялық зоб ауруы мысал болады. Соңғы бұзылу басқа заттардың алмасуының бұзылуы салдарынан болады. Мысалы, Д тобындағы витаминдердің жетіспеушілігінен Са мен Р-дың организмдегі жұғымдылығы төмендейді және т.б.

3. Зертханалық сабақтардың тақырыптары.

Тақырып 1. Физиологияда қолданылатын негізгі әдістермен және лабораториялық құрал-жабдықтармен танысу.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді қалыпты физиология сабағында қолданылатын құрал — жабдықтармен таныстырып, эксперимент жүргізіп, бақылау жасауды және протокол жүргізуді үйрету.

Тапсырма 1. Лабораториялық аспаптармен құрал- жабдықтарды көрсетіп, оларды сабақта пайдаланылатынына қысқаша түсінік беруі (электростимулятор, руминограф, миографтар, штативтер, кимограф гемометр Сали, Горяев камерасы, Панченков аппараты, меланжерлер, вязкозиметр және т. б.).

Тапсырма 2. Жанауарларды матап- байлау әдістері

Тапсырма3. Жануарларға шектелеген және жалпы наркоз беру

Бақылау сұрақтары:

  1. Физиология мақсаты және міндеттері ?
  2. Физиологияның даму тарихы ?
  3. Физиологиялық зерттеулерде қолданылатын тәсілдер ?
  4. Тітіркендіргіштер дегеніміз не, олардың классификациясы ?
  5. Тітіркену, қозу, қозғыштық деген не ?
  6. Нерв импульсы деген не ?
  7. Рефлекс дегеніміз не ?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13

Тақырып 2. Нерв — бұлышық ет препаратын дайындау. Қозғыш ұлпалардың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Нерв-бұлшық ет препаратын дайындау әдісін меңгеру. Ет талшықтарының физиологиялық қасиеттерін зерттеу

Тапсырма 1. Нерв — бұлшық ет препаратын дайындау

Тапсырма 2. Ет пен нерв талшықтарына әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерін анықтау

Тапсырма 3. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысын анықтау.

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13

Бақылау сұрақтары:

  1. Қозу дегеніміз не ?
  2. Қозғыштық деген не, оны анықтау әдісі?
  3. Қозғыштық табалдырығы деген не ?
  4. Қай тканьдердің қозғыштығы жоғары ?
  5. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай ?
  6. Оптимум, пессимум деген не ?

Тақырып 3. Тірі ұлпалардағы электірлік құбылыстар.

Сабақтың мақсаты: Тірі ұлпалардағы биоэлектірлік тоғының бар екендігін және ықпал мен дамыл тоғының болатынын анықтау

Тапсырма 1. Гальванидің 1-ші тәжірибесі. Нәтижесін жазу, қорытынды шығару.

Тапсырма 2. Гальванидің екінші тәжірибесі. Дамыл тоғының пайда болуының схемасын салу. Нәтижесін жазу, қорытынды шығару.

Тапсырма 3. Маттеучидың 2-ші тәжірибесі. Ықпал ток бар екенін көрсетеді. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тірі ұлпаларда қандай тоқ пайда болады ?
  2. Гальванидің тәжірибелерінің маңызы қандай?
  3. Маттеучи тәжірибелерінің маңызы қанадй ?
  4. Ұлпаларда биопотенциалдардың пайда болу механизмінің қазіргі кездегі қөзқарасы (теориялары) ?

Әдебиет: (8,9,10,11,12,13)

Тақырып 4. Жұлын рефлекстері.

Организмнің физиологиялық қызметтерінің реттелуі нервтік іс әрекетті функциональдық бірлігі рефлекс арқылы іске асады. Рефлекс деп орталық нерв жұйесінің қатысуымен болатын организмнің тітіркендіруге жауап беру реакциясын айтады. Рефлекс кезіндегі қозудың жүріп өткен жолы рефлекторлық доға болып саналады.

  1. Бақылау сұрақтар арқылы тақырыптын теориялық талдау. БЖ жазу
  2. Бақанын жұлын рефлекстерін бар екенің практикалық жұмыс өткізу

Сабақтын мақсаты: Рефлекс уақытының неге байланыстылығын анықтау. Рефлекторлық доғаның бар екенін және оның бөлімдерінің бүтін болуын анықтау

Тапсырма 1. Бақаның жұлын рефлекстері Жұлын рефлекстері жұлын бар бақада ( бас миы алынып тасталған) рефлекторлық доғамен танысу және әрбір түйінің маңызын дәлельдеу. Рефлекторлық доғанын үзбелерің схема арылы салу. Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Тапсырма 2. Рефлекс уақытын анықтау.

Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Рефлекс дегеніміз не ?
  2. Рефлекстің классификациясы ?
  3. Рефлекстің биологиялық маңызы ?
  4. Рефлекторлық доға дегеніміз не ?
  5. Рефлекторлық доғаның бөлімдері, олардың қызметі ?
  6. Рефлекстің рецептивтік аймағы дегеніміз не ?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13

Тақырып 5. Шартты рефлекстердін пайда болуы

Жоғары дәрежелі нерв қызметі үлкен ми жартышарларының әрекетімен байланысты жәнеде ол малдың мінез- қылығымен бейнеледі. Үлкен ми жартышарлары қызметінің нәтежесінде жануарлар қоршаған орта жағдайларында дұрыс бейімделеді, организм мен сыртқы орта арасында тиімді байланыс қалыптасады.

Тапсырма 1. Бақылау сұрақтар арқылы тақырыптын теориялық талдау. БЖ жазу

Тапсырма 2. И.П.Павловтың әдісі арқылы шартты рефлекстер пайда болуын практиқалық жұмыс өткізү.

Тапсырма 3. Әтеште шартты рефлексті қалыптастыру. Тәжірибе өткізгенде әтештің қозғалысын кимографка жазу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Орталық нерв жүйесінің қай бөлігіне жоғары дәрежелі қызметі жатады?
  2. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметінің негізінде не жатады ?
  3. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметін анықтау тәсілдері ?
  4. Шартты рефлекс дегеніміщ не ?
  5. Шартты рефлекстің пайда болуы механизмі ?
  6. Шартты рефлекстер қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет ?
  7. Шартты рефлекстің маңызы қанадй ?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13
Тақырып 6. Көру және тері анализаторлар

Организмнің кезкелген жерінде түрлі тітіркендірулерді сезетін рецепторлар болады. Бұл рецепторлардың жиынтығы сезім мүшелері деп аталады. Олардың рецепторларына тітіркендіргіштер әсер еткен кезде сол мүше қызметіне тән түйсік пайда болады.

Сабақтын мақсаты: Қөз торшасындағы соқыр дақты табу. Жылуды және муықты сезетін рецепторлардың бөлек орналасқан дәлелдеу, және терінің 1 см ауданындағы олардын саның анықтау

Тапсырма 1. Соқыр дақты табу ( Мариотта тәжірибесі). Мариотта суретін салу, қорытынды жасау.

Тақырып 2. Тері рецепторлары. Сызғыш арқылы өлшеп нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Анализаторлар дегеніміз не және қандай қызмет атқарады ?

2. Көру анализаторларының құрылысы мен қызметі

3. Көз аккомадациясы мен адаптациясы дегеніміхз не, оның механизмі қандай?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13
Тақырып 7. Нерв — бұлшық ет, ОНЖ, ЖДНҚ және анализаторлар тарудан қорытынды сабақ:

Коллоквиум сүрақтары:

1.Фыизиология мақсаты және міндеттері ?

2.Физиологиялық зерттеулерде қолданалатын тәсілдер ?

3. Тітіркендіргіштер дегеніміз не, олардың классификациясы ?

4.Тітіркеу қозу, қозғыштық деген не ?

5.Рефлекс дегеніміз не ?

6.Қозу дегеніміз не ?

  1. Қозғыштық деген не, оны анықтау әдісі?
  2. Қозғыштық табалдырығы деген не ?
  3. Қай тканьдердің (үлке) қозғыштығы жоғары ?
  4. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай ?
  5. Оптимум, пессимум деген не ?

12.Тірітканьдерде қандай тоқ пайда болады ?

13. Гальванидің тәжірибелерінің маңызы қанадай

14. Маттеучи тәжірибелерінің маңызы қанадй ?

15. Үлпаларда биопотенциалдардың пайда болуы механизмін қазіргі кездегі қөзқарас (теориялар) ?

16.Рефлекстің классификациясы ?

17.Рефлекстің биологиялық маңызы ?

18. Рефлекторлық доға дегеніміз не ?

19. Рефлекторлық доғаның бөлімдері, олардың қызметі ?

20.Рефлекстің рецептивтік аймағы дегеніміз не ?

21.Орталық нерв жүйесінің қай бөлігіне жоғары дәрежелі қызметі жатады ?

22. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметінің негізінде не жатады ?

23. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметін анықтау тәсілдері ?

24. Шартты рефлекс дегеніміз не ?

25.Шартты рефлекстің пайда болуы механизмі ?

26.шартты рефлекстер қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет ?

27.Шартты рефлекстің маңызы қанадй ?

28.Анализаторлар дегеніміз не және қандай қызмет атқарады ?

29.Көру анализаторларының құрылысы мен қызметі

30.Қөз аккомадациясы мен адаптациясы дегеніміхз не, оның механизмі

қандай ?

31. Көз торшасының қурылысы қандай. Саутшылар мен таяқшылар

қызметің баянданыз ?

32. Есту анализаторларының құрылысы мен қызметі ?

33.Терморецепторларының түрлері мен ерекшеліктері ?

Әдебиет; 1 –13

Тақырып 8. Қанның физико-химиялық қасиеттері. Лейкоцитердің

саның анықтау.

Қанда сұйық ортаға тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттер бар Физикалық қасиеттерге тұтқырлық, тығыздық, химиялық қасиеттерге- қанның әректешілік ортасы (рН), буферлік касиеттері, т.с.с жатады.

Сабақтың мақсаты: Қанның физикалық және химиялық қассиеттерімен танысу және оларды анықтау әдістерін меңгеру.

Тапсырма 1. Қан тығыздығын анықтау. Қанның плазманың және қан сарсуының тығыздықтарын түрлі әдістермен анықтауы. Гоммрешлаг суйық және ареометр аспап арқылы анықтау .Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Тапсырма 2. Қанның, плазманың және қан сарысуының тұтқырлығын Рожанский әдісімен анықтау. Малдын қаны және вязкозиметр аспаб арқылы анықтау. Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Тапсырма 3. Лейкоциттердің саның анықтау. Горяева торын сүретін салу және формула арқылы лейкоциттердін 1мм3 зертельген қанд а саның шығару. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Әдеиіет; 8,9,10,11,12,13

Бақылау сұрақтары:

  1. Қан және оның құрамы ?
  2. Қан плазмасының химиялық құрамы. Қан сарсуы деген не ?
  3. Қанның осмостық және онкостық қысымы дегеніміз не ?
  4. қанның физикалық қасиеттері ?
  5. Буферлік жүйе не, оның маңызы қандай ?
  6. Ацидоз және оның түрлері ?
  7. Алкалоз және оның түрлері ?
  8. Лейкоциттердің құрылысы мен қаситеттері
  9. Лейкофрмула дегенімі не ? Оны қалай анықтайды ?
  10. Лейкоциттердін атқаратын қызметтері ?
  11. . Лейкоциттердің саны және оған әсер ететің факторлар

Тақырып 12. Эритроциттердің түну жылдамдығы (ЭТЖ) Гемолиз және

оның түрлері

Сабақтың мақсаты: Эритроциттердің тұну жылдамдығы мен осмостық тұрақтиылығын анықтау әдістерін иегеру және гемолиз құбылысын бақылау.

Тапсырма 1. Қан плазмасының эритроциттердің тұну жылдамдығына тигізетін әсерін анықтау. Панченокв аспабының суретін салу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Тапсырма 2. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау (ЭОТ) Осмостық гемолиздің схемасын салу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Әдебиет; 1,2,3,8,9,10,11,12,13

Бақылау сұрақтары:

  1. ЭТЖ және оның мехинзмнің түсіндіретін теориялар ?
  2. Әртүлік мал эритроциттерінің тұну жылдамдықтары ?
  3. Клиникада ЭТЖ мен ЭОТ анықтаудың маңызы және оларға әсер ететін факторлар ?
  4. ЭТЖ мен ЭОТ анықтау әдістері
  5. Гемолиз және оның түрлері

Тақырып 10. Кардиография. Автоматия және жүрек жұмысына

температураның әсері .

Жүрек – қан айналуының орталық мүшесі. Жоғары сатыдағы жүрегі төрт камерадан – екі жүрекше мен екі қарыншадан құралған. Жүрек жұмысы бірнеше циклден тұрады. Жұрек циклі дегеніміз оның жиырулын, босаңсуын және үзілісін қамтитын мерзім.

Сабақтын мақсаты: Бақа жүрегінің жүмысын кимографпен (арнаулы жазғыш құрал) жазып алу әдісін игеру.

Тапсырма 1. Жүрек циклінің фазаларын анықтау. Кимограмманның суретін салу. Қорытынды шығару.

Тапсырма 2. Станниус тәжірибелерді меңгеру және талдау. Кестені толтыру, қорытынды шығару.

Тапсырма 3. Жүрек жұмысына температураның әсерін байқау. Кестені толтырып, нәтижесін салыстырып, қорытынды шығару.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қан айналу шеңберлері ?
  2. Жүректің құрылысы ?
  3. Жүректің жұмысы. Жүрек жұмысы циклінің кезендері мен фазалары және оның мерзімдері ?
  4. Жүректің қақпақшалары, олардың маңызы ?
  5. Жүрек етінің морфологиялық ерекшеліктері
  6. Жүректін автоматизмі деген не және оның табиғатын қалай түсіндіруге болады ?

Әдебиет; 1,2,3,8,9,10,11,12,13

  1   2
База даних захищена авторським правом ©mediku.com.ua 2016
звернутися до адміністрації

    Головна сторінка
Інформація Автореферат Анализ Диплом Додаток Доклад Задача Закон Занятие Звіт Инструкция

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий