Әож 616. 28+616. 22+616. 321+616. 211] -07-053. 2(574. 54) Қолжазба құқығында

Аралдың жартылай шөлейт аймағы балаларының лор-мүшелері патологиясының ерекшеліктері және оның алдын алу мен болжамын негіздеу
Әож 616. 28+616. 22+616. 321+616. 211] -07-053. 2(574. 54) Қолжазба құқығында

Скачати 0.66 Mb.

Сторінка 1/2 Дата конвертації 21.04.2016 Розмір 0.66 Mb.

  1   2

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

ӘОЖ 616.28+616.22+616.321+616.211] -07-053.2(574.54)

Қолжазба құқығында

КҮЛІМБЕТОВ АМАНГЕЛДІ СЕЙІТМАҒАМБЕТҰЛЫ

Аралдың жартылай шөлейт аймағы балаларының ЛОР-мүшелері патологиясының ерекшеліктері және оның алдын алу мен болжамын негіздеу.

14.00.04 – құлақ, тамақ және мұрын аурулары

Медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

авторефераты

Астана, 2010

Жұмыс С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде орындалды.

Ғылыми кеңесші: медицина ғылымдарының докторы,

профессор Д.Е.Жайсақова

Ресми оппонеттер: ҚР ҰҒА академигі, медицина

ғылымдарының докторы,

профессор Р.Қ.Төлебаев

медицина ғылымдарының докторы

О.Б.Түктібаев

медицина ғылымдарының докторы

Ө.М.Ғазизов

Жетекші ұйым: И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина

академиясы.

Қорғау 2010 жылдың 23 желтоқсанында сағ.14-00 «Астана медицина университеті» АҚ жанындағы ОД 09.06.01 Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49 «А».

Диссертациямен АҚ «Астана медицина университеті» кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «___»_______________2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғылыми хатшысы, медицина

ғылымдарының докторы Г.А.Мұхамадиева

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының адам ағзасына зиянды әсерінің аса көңіл аударарлығын пайымдау БҰҰ-ның балалар құқы бойынша құжаттарында Балалар денсаулығының экологиялық тәуелсіздігі турасында бүкіләлемдік саммитте және балалардың қауіпсіздігі әрі денсаулық қамтамасыз етілген болашағы үшін олардың амандығы, қорғалуы және дамуы бойынша декларацияларында (I.Sanler,2001; K.Olden et al.,2005; T.M.Edwars et.,2007) көрініс тапқан. Сөйтіп қоршаған ортаның зиянды факторларының халық денсаулығына кері әсері бүкіл әлемнің де назарын айрықша көңіл бөлерлік болып отырғаны даусыз ақиқатқа айналуда (З.Х.Мажитова,2007).

Бүгінгі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы өзектіліктік мәселелердің бірі болып қалуда, әсіресе су көздерінің өнеркәсіп қалдықтарымен қатты ластануы, Байқоңыр ғарыш айлағынан таралатын улы заттардың зардапты концентрациясы әсерінен халықтың ауруға шалдығуы жылдан жылға жалғасып келеді. Осының негізінде халықтың денсаулық жағдайы, тіпті адам өмірінің тоқталу қаупі мәселелері туындайды. Экологиялық факторлар Арал аймағындағы халық денсаулығына, өмір сүру деңгейіне зияны аса үлкен әсер етуіне байланысты өңір тұрғындары денсаулығының жекелеген патологиясының қалыптасуы мен қоршаған орта факторлары арасындағы қатыстылықты зерттеумен елімізде көптеген ғалымдар айналысқан (Р.Б.Исаева, 2007; Р.Ж.Сарсенбаева, 2007).

Қазіргі уақытта құлақ және жоғарғы тыныс алу жолдары (ЖТАЖ) ауруларының пайда болуындағы медициналық-биологиялық және әлеуметтік-гигиеналық қатер факторлары едәуір зерттелген (Р.Қ,Төлебаев,1995; О.Б.Түктібаев, 2002; Ө.М.Ғазизов, 2008). Алайда жартылай шөлейт аймақтағы балалардағы ЛОР патологиясының сыртқы ортамен қатыстылығы барған сайын күшейіп, отандық және шетелдік зерттеушілер тарапынан едәуір айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысандары болмағандығы айғақ. Сондықтан балалардағы құлақ және ЖТАЖ ауруларының пайда болу және таралу себептерін, олардың алдын алу мен болжау мәселелерін ғылыми тұрғыда негіздеу мәселесі бүгінгі таңда зәру өзектілікке ие. Сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды дамуы, отандық денсаулық сақтау жүйесін реформалау қоршаған ортаның қолайсыз факторларының тұрғындарға, әсіресе балаларға зиянды әсерінің алдын алуда жаңа міндеттер қоюда. Осы орайдан Арал өңіріндегі балалардағы құлақ және ЖТАЖ ауруларының пайда болу және таралу себептерін, олардың алдын алу мен болжау мәселелерін зерттеу келешек үшін өте қажет және ұтымды болар еді.

Осы зерттеуде алға қойылған сыртқы ортадағы қауіпті және зиянды заттардың адамның құлақ және жоғарғы тыныс алу жолдарына әсерін айқындау міндеті жергілікті және аймақтық көлемде экологиялық деңгейді айқындап жүйелеуде, олардың тек адам денсаулығы жағдайына ғана емес, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздік тұрақтылығына да аса қатты қатер туғызып отырғандығы, оларды шешудің негіздерін белгілеуді қажет етеді, бұның өзі зерттеу тақырыбын «Аралдың жартылай шөлейт аймағы балаларының ЛОР мүшелері патологиясының ерекшеліктері және алдын алу мен болжамын негіздеу» деп анықтаудың өзектілігін көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты: Аралдың экологиялық қолайсыз жартылай шөлейт аймағында тұратын балалардағы ЛОР патологиясының даму ерекшеліктерін ерте айқындау және оның жиілігін болжаудың және алдын алу бағдарламаларының әдістерін жасау.

Зерттеудің негізгі міндеттері:

1. Ретроспективтік сараптау мен өз зерттеуім негізінде Аралдың жартылай шөлейт аймағындағы қоршаған ортаның негізгі объектілерінің (ауа , су , топырақ) сапасын бағалау және экологиялық қолайсыз аймақта тұратын балалардың ЛОР мүшелеріне олардың жасы мен жынысына байланысты факторлардың әсерін бағалау;

2.Аралдың жартылай шөлейт аймағында тұратын балалардағы ЛОР патологиясының созылмалы әр қилы түрлерінің құрылымы және жиілігінің қоршаған орта факторларымен байланыстылығын анықтау;

3. Арал өңірі аймағында тұратын балалардағы ЛОР патологиясын ерте диагностикалау мен болжамдау мақсатында Аралдың жартылай шөлейт аймағында тұратын балалардың құлақ және жоғарғы тыныс алу жолдары мүшелерінің клиникалық, функционалдық жағдайын зерттеп айқындау;

4.Аралдың жартылай шөлейт аймағында тұратын балалардағы ЛОР мүшелерінің созылмалы патологиясының қалыптасуына қоршаған орта факторларының қосарланған әсерлерін болжау жолдарын анықтау және алдын алу бағдарламасын негіздеу.

5. Математикалық-статистикалық талдау әдістерін қолдана отырып, ЛОР патологиясын Аралдың жартылай шөлейт аймағының қоршаған ортасының ластану дәрежесіне қарай себеп-салдарлық өз ара байланысқа талдау жасау.

6. Аралдың жартылай шөлейт аймағындағы балалардағы құлақ және жоғарғы тыныс алу жолдары патологиясын жою бойынша емдік-профилактикалық шараларды жетілдіру және оларды денсаулық сақтау ісі практикасына енгізу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Аралдың жартылай шөлейт аймағындағы ЛОР мүшелерінің

патологиясы алғаш рет оның осы аймақтағы қоршаған ортада орын алған токсикалық-химиялық әсердің және тыныс алу жүйесі мен құлақ ауруларының жергілікті және жалпырезорбтивті ықпал етуінің салдары екені, сондай-ақ пайда болған ЛОР патологиясының жиілігінің оның қоршаған орта факторларымен өз ара тығыз байланысты екені негізделінді.

Арал өңірі балаларындағы ЛОР патологиясының жай-күйі, клиникалық және функционалдық жағдайы белгіленді.

Алғаш рет Аралдың жартылай шөлейт аймағында сыртқы ортаның әртүрлі дәрежеде ластану салдарынан пайда болатындығының себеп-салдарына сол өңірдегі балалардағы ЛОР мүшелерінің жедел және созылмалы патологиясының өршуінің пайда болуына болжам жасауға мүмкіндік беретін математикалық-статистикалық талдау жасалды;

Құлақ ауруларын емдеу әдістері жасалынды ( №22475 иннервациялық патент алынған 25.03.2010 жыл).

Мұрын қуысы және қосалқы қуыстары ауруларын емдеу әдістері жасалынды ( тіркеу №2010|0969.1 23 шілде 2010 жыл ).

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

Қоршаған ортадағы (атмосфералық ауадағы, топырақтағы, судағы) бар химиялық заттардың жиынтығы балалардағы құлақ және жоғарғы тыныс алу жолдарына токсикалық әсер етуінен Арал өңіріндегі балалар контингентінде пайда болатын патологиялық өзгерістердің даму ерекшеліктері.

Сыртқы есіту жолының эпидермалді қабатының және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының біртұтастықтарының бұзылыстар жиынтығының клиникалық, функционалдық және морфологиялық көрсеткіштері Аралдың жартылай шөлейт аймағы балаларындағы ЛОР мүшелері патологиясын анықтаудағы негізгі белгісі болып табылады.

Қолжетімді болып табылатын майлы ерітіндімен құлақ құлығын емдеу тәсілін жасап шығару Аралдың жартылай шөлейт аймағындағы ауылдық жердегі балалардың сыртқы есіту жолындағы құлақ құлығын жұмсартып алып тастауға мүмкіндік береді. Ұсынылған құрамы шөптен тұратын «Синупрет» дәрісі мұрын қуысы мен оның қосалқы қуыстары ауруларын емдеу тәсілі жоғары тиімділікке қол жеткізді (6 пен 10 жас аралығында 81,8% көрсетсе, 11 жаспен 15 жас аралығында 86,8% көрсетті).

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы

1. Экологиялық апат аймағы Қызылорда облысында алғаш рет балаларда құлақ, мұрын және тамақ ауруларының таралу жиілігі және оларға сыртқы ортаның қолайсыз факторларының тигізетін әсерлері анықталып, осы себептерден құлақ, мұрын және тамақ мүшелерінің ауруларына шалдыққан баалаларға дер кезінде дәрігерлік медициналық көмек көрсету мақсатында нақты тиімді әдістемелік ұсыныстар жасалды.

2. Зерттеу нәтижесніде алынған мәліметтер Қызылорда облысы бойынша су көздері, топырақ және атмосфералық ауа жағдайына баға беруге және оның Арал өңірінің әр түрлі аудандарында тұратын тұрғындардың денсаулық жағдайына әсері мен аурулардың алдын алу мәселелерін салыстыруға мүмкіндік тудырады.

3. Балалардағы құлақ, мұрын және тамақ мүшелеріне атмосфералық ауадағы, топырақтағы және су құрамындағы зиянды заттардың әсерлерін анықтау мақсатында дайындалған ғылыми негізделген қорытындылар мен әдістемелік нұсқауларды Қазақстан Республикасының жоғарғы және арнайы орта медициналық оқу орындарында оқу процесінде қолдануға болады.

4. Экологиялық апат аймағындағы сыртқы ортаның қолайсыз факторларының тигізетін әсерлерін және балаларға көрсетілетін құлақ, мұрын, тамақ мүшелерінің ауруларынан балаларға дер кезінде көрсетілетін дәрігерлік медициналық көмектің ғылыми негіздерін анықтау сол аймақтағы осы аурулардың таралу жиілігін төмендетуге септік етеді.

5. Балаларды кешенді түрде медициналық тексеруден өткізу, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының тигізетін әсерін анықтау, жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының жедел және созылмалы патологиясының өршу кезеңін болжау зерттеушінің «Құлақ ауруларын емдеу тәсілі» және «Мұрын қуысы және қосалқы қуыстары ауруларын емдеу тәсілі» атты Қазақстан Республикасының инновациялық авторлық патенттеріне ие болғаны зерттеудің практикалық маңыздылығына айқын дәлел.

Тәжірибеге енгізілуі: Зерттеудің ғылыми нәтижелері Қызылорда облыстық денсаулық сақтау мекемелеріне, Алматы қаласының № 7 балалар емханасына енгізілді. Автордың «Құлақ ауруларын емдеу әдісі» атты инновациялық патенті пайдаланылып, балаларды сауықтыру және емдеу мақсатында қолданыс тапты. Алынған мәліметтер Арал өңіріндегі балалар арасындағы ЛОР ауруларының эпидемиологиясы туралы мәліметтерді кеңейтіп, ғылыми айналымға түсті. Балаларды кешенді түрде тексеру барысында Қызылорда облысында ЛОР ауруларын ерте анықтау, жедел және созылмалы түрлерінің өршу кезеңіне болжам жасау тәсілі қолданылды. ҚР ДСС министрлігі оқулық ретінде бекіткен автордың «Балалардағы құлақ аурулары» атты монографиясы және «Жұтқыншақ аурулары» атты оқу құралы жоғарғы медициналық оқу орындарында қолданыс табуда. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оториноларингология кафедрасының оқу дәрістеріне енгізілді. Зерттеліп отырған аймақтарда зерттеушінің Қазақстан Республикасында патенттелген құлақ және тыныс алу жолдары ауруларын емдеу тәсілдері ЛОР мүшелерін емдеу практикасында қолданыс тапты.

Зерттеудің нәтижесінің ресми сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны мен қорытындылары шетелдік және республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріп, конференцияларда баяндалды: «Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында», Республикалық практикалық, оқу-әдістемелік конференцияға ұсынылған еңбектер жинағы, Алматы, 2000; «Клиникалық, іргелі медицина мен педагогика мәселелері», Оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектер жинағы Университетің 70 жылдығына арналады, Алматы, 2001; «Медицина мемлекеттік тіл аясында», II республикалық оқу-әдістемелік конференциясының материалдары, Түркістан, 2003; «Патология респираторного тракта» II Национальный конгресс ринологов Казахстана и Международная конференция молодых оториноларингологов, Астана-Шымкент, 2005; «Достижения и перспективы отечественной оториноларингологии» конференция оториноларингологов посвященной 70-летию основания кафедры, проведенная в г. Алматы 22-24 мая 2006; «Медицина білімі-Мемлекеттік тіл аясында» Университеттің 75 жылдығына арналған Республикалық III ғылыми-практикалық, оқу-әдістемелік конференциясы, Алматы, 2006; «Актуальные вопросы оториноларингологии» Республиканская научно-практическая конференция, 26-27 июня, Киргизия, Жалалабад, 2006; «Педиатрия сегодня, завтра. Совершенствование медицинской помощи детскому населению» Международная конференция и Мастер-класс, 18 – 21 июня 2007 г., Алматы; «Бала денсаулығының өзекті проблемалары», Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының 75 жылдығына арналған Республикалық конференция, Алматы, 2007; «Проблемы экопатологии в оториноларингологии» Республикалық оториноларингологтардың ғылыми-практикалық конференциясы, 01-03 қазан 2007 ж. Атырау; ХП Международный Конгресс по реабилитации в медицине и иммунореабилитации, Паттайя, Таиланд, 6-9 декабря, 2007 года; «Здоровье семьи – ХХI век», «Онкология – ХХI век» ХП Международная конференция и Ш Международная научная онкологическая конференция,

29 апреля – 07 мая 2008 года, г.Эйлат, Израиль; Первый Объединенный научно-практический форум детских врачей, г.Москва-г.Орел, 19-23 мая 2008; Еуропа Респираторлы қоғам профессоры Мажитова Зайра Хамитқызын еске алуға арналған, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Балалар мен жасөспірімдерде тыныс алу мүшелері ауруларының диагностикасы», 26-27 наурыз 2009 жыл, Алматы қаласы; VII съезд аллергологов и иммунологов СНГ и Всемирный форум по астме и респираторной аллергии, Санкт-Петербург, Россия, 26-28 апреля 2009 года;

«Здоровье семьи – ХХI век» ХШ Международная научная конференция

26 апреля – 3 мая 2009 года, г.Хургада, Египет; Семей полигонында ядролық сынақтардың тоқталуына 20 жыл толуына арналған «Экология.Радиация. Денсаулық» V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Тамыз 29, 2009 ж.; Международная конференция и Мастер-класс, Педиатрия: пути совершенствования медицинской помощи, Алматы, 2 декабря 2009 г.; V Mezinarodni vedecko-prakticka konference “Zpravy-2009”, Praha, 2009.

Істелген жұмыстардағы зерттеушінің жеке үлесі. Материалдарды жинақтау мен оларды өңдеу, алынған нәтижелерді талдау, оларды талқылау мен интерпретациялау, жасалған тұжырымдар толық диссертация авторының үлесіне қарайды. Сонымен қатар сыртқы ортаның қолайсыз факторларының бала денсаулығына әсер етуін анықтау мақсатында статистикалық талдау, балалардағы ЛОР ауруларын тексеріп, зерттеу, кеңес беру жұмыстары жасалды. Ынтымақтастыққа қол жеткізіліп, олардың ғылыми өзара әрекеттестігі автор тарапынан ұйлестірілді.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін біз үш жақты:

РМҚК «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» атынан Үкімет Жарғысы негізінде қызмет істеген Ректор, м.ғ.д., профессор Т.Ә. Момынов бірінші жағынан; РМҚК «Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті» атынан Үкімет Жарғысы негізінде жұмыс істеген Директор, м.ғ.д., профессор М.Ш. Абдуллаев екінші жағынан; С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оториноларингология кафедрасының доценті, м.ғ.к. А.С. Күлімбетов үшінші жағынан 2006 жылдың тамыздың 28-де қол қойылған келісім – шарт арқылы жүзеге асырылды.

Зерттеудің мемлекеттік ғылыми бағдарламалармен байланысы

Зерттеу Қазақстан Республикасының мынадай Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламасына: «Қоршаған ортаның химиялық үлы заттары әсерінен пайда болатын Арал өңірі балаларындағы экологияға тәуелді аурулар» атты (Мемлекеттік тіркеу № 0194 ҚР 01024) және «Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарындағы сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсері» атты (Мемлекеттік тіркеу № 0119 ҚР 00503) Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламары, сондай-ақ «Арал теңізінің экологиялық апатты аймақтарындағы балалар ағзасына түсетін химиялық және радиациялық жүктемелерді бағалау» атты Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламасына сәйкестілікте С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде орындалды.

Басылымдар. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері бойынша 55 мақала жарық көрді: шетелде 7 (Ресейдің ЖАК журналдарында – 4 мақала), ҚР Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Комитетте тіркелген журналдарда – 10, өнертабыс инновациялық патенті -2, монография – 2, оқу қуралы – 1, дәрігерлік кеңес – 1, бала дәрігері – оториноларингологтарға (интерндерге) арналған типтік бағдарлама – 2, студенттерге арналған типтік бағдарлама – 2, тәжірибеге енгізу актісі –5 (2006 – 2009 ж.).

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық зерттеу жұмыс кіріспеден, ғылыми әдебиеттерге шолу, зерттеу материалдары мен әдістерінен, өзіндік зерттеу нәтижелері баяндалған тараулар мен ғылыми нәтижелердің қорытындыларынан және ұсыныстардан тұрады. Диссертация көлемі 181 бет, 363 әдебиеттер тізімі берілген.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Материалдар мен зерттеу әдістері. Жұмыс С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық базасында және Қызылорда Облыстық медицина орталығында (директоры м.ғ.д., профессор Табынбаев Н.Б.) орындалды. Зерттеу жұмыстың мақсат-міндеттерін шешуге 3302 бала 6-14 жастағы (14 жасты қоса есептегенде) тексеріліп, нәтижесінде ЛОР аурулары бар балалар іріктеліп, аудандар бойынша топтастырылды. Қызылорда облысының Қармақшы ауданы 1-ші аймақ (n=491), Жаңақорған ауданы 2-ші аймақ (n=700) және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы 3-ші аймақ (n=33).

Құлақ пен жоғары тыныс жолдарын жалпы қарап тексеру ортақ қабылданған әдістеме бойынша жүргізілді: шағымы, анамнезі, алдыңғы және артқы риноскопия, фарингоскопия, мұрын-жұтқыншақты саусақпен тексеру, тура емес ларингоскопия, отоскопия, жалпы клиникалық және морфо-функционалдық (мукоциллиярлы клиренс, рН-метрия, риноциограмма) тексеру, АБРМ әдісі «Ринолан» компьютерлі риноманометрі (Ресей, Санкт-Петербург) қолдану арқылы жүзеге асты . Нәтижелері СИ халықаралық жүйеде көрсетілген (ағым көлемі-сантиметр куб секундына-см3/с; кедергісі- Паскальмен сантиметр куб секунд-Па/см3/с), гигиеналық, индуктивті плазмамен байланысқан ауыр металдарды (ICP-MS) масс-спектрометриялық тексеру, тексерудің математикалық-статистикалық әдістері.

Мұрын қуысы кірпікшелерінің тасымалдаушы қызметін бағалау үшін, оның шырышты қабатының жыпылықтайтын эпителиінің қозғалғыштығын көмір ұнтағының көмегімен анықтап, зерттедік. Ол үшін ұнтақ төменгі мұрын кеуілжірінің шырышты қабатының алдыңғы бөлігіне енгізіліп, тексерілді.

Бірақ баланың сіңбіруін, су ішпеуін, тағамды қабылдауын, тамақты шаюын қадағалау қажет және ескерту керек, өйткені, олар зерттеу жұмысына кедергі жасайды. Жыпылықтаушы эпителийдің белсенділігі, қозғалғыштығының төмендеу дәрежесі ұнтақтың мұрын-жұтқыншаққа түсу уақытына байланысты анықталды.

Мұрын қуысындағы бөліністердегі сутегі иондарының (рН) концентрациясын айқындау үшін біз «MERCK» (Германия) әмбебап (0-ден 14-ке дейін шкаласы бар) индикаторлық қағазын қолдандық. Қағаз тіліктерін төменгі мұрын кеуілжірі мен мұрын пердесі арасына 5 минөтке енгізу арқылы жүзеге асырылды. Қағазға мұрын бөліністері сіңген соң, өзгерген түсін шкаламен салыстыру орындалды.

Жоғары жақ қойнауындағы қабыну ауруларының, кистаның түзілуін және басқа да жаңа түзілімдердің құрылымдарының диагностикасын анықтау үшін ультрадыбыстық диагностикалық «Эхосинускоп ЭСС-A-01» құралы пайдаланылды.

Алматы аймақтық диагностикалық орталықта (директоры Девятко В.Н.) және РМК әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ-нің ЕМК «Физико-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы» (директоры ,х,ғ.д., профессор М.К.Наурызбаев) лабораториялық зерттеу тәсілдері жүргізілді.

Мұрынмен тыныс алу қызметін зерттеу үшін АБРМ алдыңғы белсенді риноманометрия әдісін (АБРМ) қолдандық. Бұл әдістің негізгі нәтижесі компьютерлік мониторда координаттардың полярлы жүйесі арқылы беріледі. Ағым мен қысым графигі парабола қисығы түрінде бейнеленеді. Мұрынның оң және сол жақ бөліктері арқылы дем алу мен дем шығару фазаларын жеке-жеке көруге де болады және ауа ағымының мөлшерінің мұрын арқылы қаншалықты өтетіндігі кедергі туғызу арқылы жүзеге асырылады.

Қармақшы және Жаңақорған аудандарының халқының қоршаған орта сапасынан туындаған аурушаңдығының жалпы зерттелуі төмендегі көздерге негізделінді: медициналық көмекке жүгінгені, аурушаңдық бойынша АОА және АОЕ материалдарына (№ 12 есептік карта); 2005 – 2008 жылдар аралығындағы ақпараттық жүйе бойынша СУА және СДА, аудандық денсаулық бөлімдерінің әдістемелік ұйымдастыру бөлімшесінің статистикалық мәліметтеріне; халық аурушаңдығының ретроспективті мәліметтеріне; халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштері 2002– 2008 жылдар аралығында зерттелген аудандық басқарма және аудандық АХАЖ статистикасына; халықтың өлім себептерінің анализі статистикалық ресми баяндама ф.№5 және ф.5б; халықтың аурушаңдығына әсер ететін қоршаған ортаның жағдайын бағалау үшін есептік өзгергіш-корреляциялық-регрессиондық талдауға арналған математикалық — статистикалық модель қолданылды.

Экологиялық факторлардың тұрғылықты аймақтың халқының аурушаңдықтың деңгейімен құрылымның себеп-салдарының байланысын айқындау мақсатында математикалық зерттеуде корреляциялық-регрессивті талдау жүргізілді.

Белгілі бір факторларға байланысты жекеленген ауруларды сызықтық квадрат регрессия әдісі арқылы детерминация коэффицентімен регрессиялық коэффицент деңгейі анықталды. Дәл осы факторлар екі жақты байланыс деңгейі бойынша қарастылуы және әрбір факторды (нозологиялық түрі+фактор және үш фактор) немесе одан да көп факторлар қосарланғанда (нозологиялық түр + екі немесе үш фактор) детерминациялық коэффиценттің деңгейі ескерілді, егер де 0,5 – 0,7 тәуелділіктің төмен дәрежесі; 0,7 – 0,9 орта және 0,9-дан жоғары болса, ол тәуелділіктің жоғары дәрежесі болып саналды.

Формалды регрессияның уақытша қатары регрессиялық статистикалық қатар айналысының периодтық бақылауының (негізделген) нәтижесінде құрылды. Детерминация коэффиценті (R²) регрессия моделінің қаншалықты нақты берілген мәнге сәйкес келетінін көрсетеді (0≤R²≥1). R² қаншалықты 1-ге жақын болса, соншалықты модель жақсы болады.

Тұрғындардың жалпы аурушаңдығы олардың медициналық мекемеге жүгіну туралы мәліметтері мен емдік алдын-алу мекемелерінің жылдық есептеріне сүйене отырып, зерттелді, атап айтқанда, экологиялық апат аймағына жататын Қызылорда облысындағы Жаңақорған және Қармақшы аудандарының аймағындағы 2005, 2006, 2007 жылдары №12 формада «Аудан тұрғындарына жергілікті жердегі емдік мекеменің қызмет көрсетуі және тіркелген науқастардың аурушаңдылығының саны туралы есеп» негізге алынды. Бұл аудандарда инфрақұрылым мен тас төселген автокөлік жолдарының жеткіліксіздігі және телефон мен телеграф байланыстарының нашар дамығандығы медициналық көмек көрсету дәрежесіне және оның шалғай жатқан ауылдар мен елді мекендердегі тұрғындарға көмек көрсету деңгейіне тікелей кей кезде жанама түрде әсер ететіндігі анықталды. Бұл аудандар аумақ үлкендігімен, халықтың орналасу тығыздығының өте төмен болуымен сипатталады. Бір шаршы шақырым жерде Жаңақорған ауданында 1,20 адам орналасса, Қармақшы ауданында ол көрсеткіш 1,89 көрсетеді, Қызылорда облысының орташа көрсеткіші – 2,1 адам екенін ескергенде, ол аудандарда халық тығыздығы аз мөлшерде екендігін көреміз. Бұдан басқа дер кезінде медициналық көмек көрсетуге елді мекендердің аудан орталығынан шалғай орналасқандығы да кері әсерін тигізеді. Міне, осы факторлар зерттеуді икемді және жергілікті жерге лайықтап құруға мүдделік тудырды.

Зерттеу нәтижелері

Бүгінде Арал теңізінің су жинау ауданы деп аталатын өңір экологияялық қолайсыз апатты аймақ ретінде танылып отыр. Негізінен 1960 жылдан басталған ирригация үшін теңізге өзен суларының құйылуының азаюы нәтижесінде теңіздің су-тұз балансы мен гидрохимиялық режимі күрт бұзылды. Бұның өзі осы аймақта климаттың, гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдайдың өзгеруіне соқтырды.

Нағыз табиғи ландшафтардың өзгеруі соңғы 30-50 жылда топырақ түзу процесіне кері әсерін тигізуде, сөйтіп аймақтың шөлейттуін күшейтуде. ҚР-нің топырақтану институтының мәліметі бойынша топырақта мыс, мырыш, молибден, кобальт, хром мөлшерден тыс анықталған.

Зерттеу аймағындағы ашық су көздерінің гигиеналық жағдайы ирригациялық мүдделерден ағысы төмендеген Сырдария өзенінің суының азаюы, егіс алқаптарынан қайта құйылатын улы химикаттармен ластанған сулардың ластауынан минералданып нашарлап кеткен. Аудандағы судың жетіспеуі салдары территорияның ауқымды бөлігінің шөл далаға айналуына, желмен таралатын шаң, тұздар мен лас заттардың пайда болуына және ауыл шаруашылық өндірісіне арналған жерлердің азаюына себепші болды.

Атмосфералық ауаның ластануын мониторингілеу аспанға көтерілген топырақ шаңы мен тұздардың химиялық құрамы күрделі екенін көрсетеді.

1-кесте. Арал маңайындағы атмосфераның ауадағы микроэлементтер құрамы.

Химиялық элементтер Жаңақорған ауданы Қармақшы ауданы Еңбекшіқазақ ауданы Cl 21,2±8,0 40,4±12,01 1,8±0,11 SO4 67,2±4,58 64,2±16,09 8,2±0,24 K 31,4±3,83 54,9±11,21 10,2±0,31 Na 12,52±4,8 29,4±7,01 3,1±0,11 Mg 13,8±0,32 16,2±2,09 1,31±0,34 Si 149,2±14,81 152,51±4,31 9,7±4,1 Cr 0,29±0,01 0,68±0,10 0,32±0,1 Mn 0,91±0,19 1,59±0,09 2,61±0,31 Fe 50,4±9,12 49,4±8,07 43,4±9,7 Cu 134,4±31,4 41,6±10,7 0,44±0,02 Zn 12,1±3,41 37,87±2,32 5,8±1,20 Sr 2,59±0,47 2,54±0,09 0,61±0,12 Ескерту: Анықталған деңгейлердің бақылау деңгейлерімен салыстырмалы сенімді (P<0,05).

1-кестеде Арал маңайында Еңбекшіқазақ ауданымен салыстырғанда, тұзды түзетін химиялық заттар атмосфералық ауада анағұрлым көп (хлоридтер 22,4 есе, сульфаттар 7,82 есе, натрий 19,48 есе, мыс 94,5 есе т.б. артық).

Зерттеу аймақтарындағы құлақ және жоғарғы тыныс алу мүшелерінің патологиясын клиникалық-функционалдық тексеру бойынша ерекшеліктерін анықтауда балалардың ЛОР-мүшелері ауруына шалдығу көрсеткіштерін негіз етіп алдық. Оның себебі: зерттелген аймақтарда болашақта ЛОР-мүшелері ауруларының жалпы көрсеткіштерімен салыстыра отырып, оның созылмалы болу дәрежесі бойынша болжам жасауға мүмкіндік туады. Бұның өзі біздің зерттеуіміздің қолданбалық мәнін арттырып, келешектігін дәлелдей түседі. Зерттеу көрсеткіштерін төмендегідей кестелерге түсірдік.

2-кесте. Қармақшы және Жаңақорған аудандарында жүргізілген медициналық тексеру нәтижесінде жынысына қарай алынған балалар арасындағы ЛОР- мүшелері ауруларының көрсеткіштері мен деңгейі (M±m,%).

Р.

Ауру атауы Барлығы Қармақшы ауданы Жаңақорған ауданы Ер бала Қыз бала Ер бала Қыз бала 1. Созылмалы

Ринит

195

(16,4±1,1)

37

(42,0±5,3)

50

(39,1±4,3)

47

(13,7±1,8)

61

(17,1±2,0)

2. Созылмалы аллергиялық ринит 37

(3,1±0,5)

6

(6,8±2,7)

8

(6,3±2,1)

12

(3,5±1,0)

11

(3,1±0,9)

3. Созылмалы риносинуситтер 190

(15,9±1,3)

34

(38,6±5,2)

43

(33,6±4,2)

58

(16,9±2,0)

55

(15,4±1,9)

4. Мұрын пердесінің қисаюы 54

(4,5±0,6)

19

(21,6±4,4)

5

(3,9±1,7)

25

(7,3±1,4)

5

(1,4±0,6)

5. Созылмалы

Фарингит

176

(14,8±1,0)

35

(39,8±5,2)

38

(29,7±4,0)

39

(11,3±1,7)

64

(18,0±2,0)

6. Таңдай бадамша бездерінің ұлғаюлары 19

(1,6±0,4)

4

(4,5±2,2)

6

(4,7±1,9)

4

(1,2±0,6)

5

(1,4±0,6)

7. Созылмалы аденоидит. 29

(2,4±0,4)

7

(7,9±2,9)

4

(3,1±1,5)

11

(3,2±0,9)

7

(2,0±0,7)

8. Созылмалы тон-

зиллит компен-

сацияланған түрі

82

(6,9±0,7)

10

(11,4±3,4)

21

(16,4±3,3)

23

(6,7±1,3)

28

(7,9±1,4)

9. Созылмалы тонзиллит декомпенсация-ланған түрі 50

(4,2±0,6)

14

(15,9±3,9)

9

(7,0±2,3)

14

(4,1±1,1)

13

(3,7±1,0)

10. Құлақ құлығы 173

(14,5±1,0)

26

(29,6±3,0)

49

(38,2±2,9)

51

(14,8±1,9)

47

(13,2±1,8)

11. Созылмалы отит – мезотимпанит 70

(5,9±0,7)

11

(12,5±3,5)

14

(10,9±2,8)

23

(6,7±1,3)

22

(6,2±1,3)

12. Созылмалы отит – эпитимпанит 47

(3,9±0,6)

12

(13,6±3,7)

9

(7,0±2,3)

11

(3,2±0,9)

15

(4,2±1,1)

13. Сенсонервалді

кереңдік

27

(2,3±0,4)

7

(7,9±2,9)

1

(0,8±0,7)

9

(2,6±0,8)

10

(2,8±0,9)

14. Созылмалы ларингит 42

(3,5±0,5)

3

(3,4±1,9)

9

(7,0±2,3)

17

(4,9±1,2)

13

(3,7±1,0)

2-кестеде берілген мәлімет бойынша Қармақшы және Жаңақорған аудандарында жүргізілген медициналық тексеру нәтижесінде жынысына қарай алынған балалар арасындағы құлақ, мұрын және тамақ мүшелері ауруларының көрсеткіштері мен деңгейін талдаған кезде созылмалы ринитке шалдыққандар 195 бала (16,4±1,1) бірінші орында болса, екінші орынды иеленетін (15,9±1,3) созылмалы риносинуситтермен ауыратындар – 190 бала, ал үшінші кезекте созылмалы фарингитпен ауыратындар 176 бала (14,8±1,0) және төртінші кезекте 173 бала (14,5±1,0) құрайтын құлақ құлығы. ЛОР ағзаларындағы мұндай өзгерістердің себебі экологиялық қолайсыздықпен түсіндіріледі. Сонымен қатар көптеген авторлардың мәліметтері бойынша құлақ құлығы зат алмасу жүйесінің бұзылуы салдарынан туындайды екен ( В.Т.Пальчун, Н.А.Преображенский, 1978; И.Б.Солдатов, 2000).

1-сурет. Қызылорда облысындағы Қармақшы және Жаңақорған

аудандарындағы оқушылар арасындағы ЛОР ауруларының таралу деңгейі.

Жалпы алғанда (1-кесте) зерттелген аудандардағы балалар арасында бірінші орынды 476 балада кездескен, яғни 39,97 пайызды құрайтын мұрын және оның қосалқы қуыстарының аурулары иеленсе, екінші орынды 356 балада кездескен, яғни 29,89 пайызды құрайтын жұтқыншақ аурулары және үшінші орында 317 балада кездескен, яғни 26,6 пайызды иеленетін құлақ аурулары ішінде 51,5 пайызды құлақ құлығы құрайды. Соңғы орынды 42 балада кездескен 3,53 пайызды құрайтын көмекей аурулары иеленеді. Жынысы жағына қараған көрсеткіштерге келсек, Жаңақорған ауданындағы ер және қыз балалар көп болып шықты, яғни соларға сәйкес 344 (28,8%) және 356 (29,9%) құрайды.

Қармақшы және Жаңақорған аудандарында жүргізілген медициналық тексеру нәтижесінде жынысына қарай алынған балалар арасындағы құлақ, мұрын және тамақ мүшелері ауруларының көрсеткіштері мен деңгейін зерттеу қорытындысында ең жиі кездесетін мұрын және оның қосалқы қуыстарының аурулары мен қатар жұтқыншақ ауруларының кездесуі сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсерінен туындайды деп мәлімдейміз, өйткені мұрын қуысы мен ауыз қуысы инфекцияның кіреберіс қақпасы болып саналады.

Кестеде көрсетілген Қармақшы ауданы бойынша балалар арасындағы нозологиялық бірлікпен жыныса қарай берілген мәліметте ең жиі кездесетін аурулар: созылмалы ринит 87 балада (17,7±1,7), созылмалы риносинусит 77 балада (15,7±1,6) және созылмалы фарингит 74 балада (15,1±1,6) кездессе, жынысына қарай бөлгенде жоғарыда аталған аурулар қыз балаларда жиі кездесетіндігі аңғарылды (2-сурет).

2-сурет. Қармақшы ауданындағы оқушылар арасындағы ЛОР ауруларының деңгейі.

Жаңақорған ауданында жүргізілген медициналық тексеру нәтижесінде

балалар арасындағы ЛОР мүшелері ауруларының көрсеткіштері (3-сурет): риносинуситтер 113 балада (16,1±1,4), созылмалы ринит 108 бала (15,4±1,4) және созылмалы фарингиттің (14,7±1,3) жиі кездескендігін аңғаруға болады.

3-сурет. Жаңақорған ауданындағы оқушылар арасындағы ЛОР ауруларының деңгейі.

Мұнда (3-кесте) АБРМ әдісін мұрын және оның қосалқы қуыстарының созылмалы ауруларын бақылау тобымен мұрын арқылы тыныс алудың өзгеру ерекшеліктерін білу мақсатында функционалды сынаманы физикалық күш түсіруді қолданып, мұрынның тыныс алу қызметін зерттедік және ауа көлемінің жалпы жиынтығы (АКЖЖ — ccm/s) мен қарсы көрсеткіштің жиынтығы (ҚКЖ — Pa/ccm/s) абсолютті талдау көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылды. Мұрын арқылы тыныс алудың нәтижелері компьютерлік мониторда координаттардың полярлы жүйесі арқылы көрініп, ағым мен қысым графигі парабола қисығы түрінде бейнеленді. Әрбір көрсеткішке талдау жасалынып, цифрлардың вариациялық тізбек құрылып, есептелді.

3-кесте. Созылмалы риносинуситтермен созылмалы ринитпен ауыратын балалардың және бақылау тобының ФК жасалынған АБРМ көрсеткіштері.

Р

Тексерілген

Топтар

АКЖЖ M±m (см³/c) ҚКЖ M±m (Па/см³/c) ФК дейін ФК кейін ФК дейін ФК кейін 1. Созылмалы риносинуситтер

(n=28)

495,1±51,5* 541,0±51,7* 0,55 ± 0,15* 0,51 ± 0,11 2. Созылмалы

риниттер

(n=25) 533,1±33,3* 585,1±41,1* 0,71 ± 0,06* 0,41 ± 0,03 3. Бақылау тобы

(n=20)

633,7±77,1 711,5±83,1 0,28 ± 0,01* 0,25 ± 0,01 p>0,05*

Кестеде көрсетілгендей бақылау тобына (633,7±77,1 см³/c) қарағанда 1-ші және 2-ші топтағы АКЖЖ көрсеткіштері төмен екендігін аңғарамыз (495,1±51,5* см³/c ) және (533,1±33,3* см³/c) сәйкес, ал ҚКЖ көрсеткіштері бақыйлау тобына (0,28 ± 0,01* Па/см³/c) қарағанда жоғары екендігін сәйкес (0,55 ± 0,15* Па/см³/c) және (0,71 ± 0,06* Па/см³/c) аңғарамыз.

ФК түскеннен кейінгі жағдайды былай суреттеуге болады: 1-ші топтағы созылмалы риносинуситте АБРМ көрсеткіші 495,1±51,5 см³/c-тан 541,0±51,7 см³/c-қа жоғарыласа, ҚКЖ көрсеткіші 0,55 ± 0,15 Па/см³/c-тан 0,51 ± 0,11 Па/см³/c-қа төмендегенін, ал 2-ші топтағы созылмалы ринитте АБРМ көрсеткіші 533,1±33,3 см³/c-тан 585,1±41,1 см³/c-қа жоғарыласа, ҚКЖ көрсеткіші 0,71 ± 0,06 Па/см³/c-тан 0,41 ± 0,03 Па/см³/c-қа төмендегенін аңғаруға болады.

Қорыта келгенде, бақылау тобындағы балаларда ФК түскеннен кейінгі кезеңді ЖСЖ бастапқы кезеңмен салыстырғанда 70%-дан аспады, ол функционалды жағдайы жақсы екендігін көрсетеді. Ал зерттелген 1-ші және 2-ші топтағы балаларда 70%-дан асып түсті, ол ЖСЖ мен мұрын арқылы тыныс алу көрсеткіштерінің ФК кейін өз ара корреляция болғандығын көрсетеді. ЖСЖ бастапқы кезеңге тез оралса, АБРМ көрсеткіштері жоғары, ал ҚКЖ көрсеткіштері төмендейді. Сөйтіп, ФК түсіріп жүргізілген функционалды сынама клиникалық тәжірибеде өз қолданысын табады деген үміттеміз.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің статистикалық мәліметтеріне жүгіне отырып, біз 2001 – 2008 жылдар аралығында балалар арасындағы аурушаңдыққа талдау жүргіздік. Тұрғылықты жердегі, яғни Қызылорда облысы бойынша балалар арасындағы аурушаңдық жылда әр түрлі көрсеткіштерді көрсетеді: 2001 – 2003 жылдар аралығында ол көрсеткіш төмендесе (2001 жылы 84157,9; 2002 жылы 84072,0; 2003 жылы 83083,9 бірлікті көрсетсе), ал 2004 – 2007 жылдар аралығында ол көрсеткіштің жоғарылағанын аңғарамыз (2004 жылы 84427,9; 2005 жылы 91388,6; 2006 жылы 93430,8; 2007 жылы 100107,2 бірлікті көрсетеді). 2008 жылы ол көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 8173,7 азайғандығын аңғартады. Жалпы алғанда орта көрсеткіштің арифметикалық ортасы (M±m) 894506,3 болса, ал ауытқуы 6391,2-ні құрайды.

Ал біз зерттеу жүргізген Қармақшы және Жаңақорған аудандарында балалар арасындағы аурушаңдыққа келер болсақ, Қармақшы ауданында 2001 жылы 87204,9-дан 2003 жылы 117719,2-ге, яғни 30514,3 бірлік артық көрсеткішке көтерілгенін көреміз. 2004 жылы 35962,3 төмен түсіп, 2005 жылы 2592,7 бірлікке көтеріліп, 2006 және 2007 жылдары төмендегенін аңғарамыз. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1497,3 бірлікке өскен. 2001 – 2008 жылдар аралығындағы (M±m) арифметикалық орта 76881,4 көрсеткішті көрсетсе, ауытқуы 23912,9 құрайды.

Төмендегі кестеде көрсетілгендей ең жоғарғы корреляциялық байланыс нитраттармен балалардағы бадамша бездерінің созылмалы аурулары және аденоидтар екендігі анық көрініп тұр. Ол Қармақшы ауданындағы балалар арасында 0,81 көрсетсе, Жаңақорған ауданында 0,78 көрсетіп отырғандығы және сульфаттардың көрсеткіштері айтылған аудандарда жоғары екендігі байқалады, яғни 0,77 және 0,74. Екінші орынды құлақ және емізік тәрізді өсіндінің ауруларының нитраттармен байланыстылығы алады: Қармақшы ауданында 0,74 көрсетсе, Жаңақорған ауданында 0,75, ал сульфаттармен байланыстылығы 0,72 және 0,73 көрсетіп отыр (4-кесте).

4-кесте. ЛОР ауруларының корреляциялық байланыстарының көрсеткіштері.

Аурулардың жіктемелері және атауы Химиялық заттар Корреляциялық коэффициент Жаңақорған

Ауданы

Қармақшы ауданы Тыныс алу мүшелерінің аурулары нитраттар 0,47 0,19 сульфаттар 0,42 0,15 Созылмалы отит нитраттар 0,69 0,49 сульфаттар 0,74 0,54 Вазомоторлы ринит нитраттар 0,72 0,42 сульфаттар 0,73 0,34 Бадамша бездерінің созылмалы аурулары және аденоидтар нитраттар 0,78 0,81 сульфаттар 0,74 0,77 Құлақ және емізік тәрізді өсіндінің аурулары нитраттар 0,75 0,74 сульфаттар 0,72 0,73

Созылмалы отиттің сульфаттармен байланыстылығы Жаңақорған ауданында 0,74 бірлікті көрсетсе, нитраттармер байланыстылығы 0,69 бірлікті көрсеткендігі анықталды, ал ол көрсеткіштердің Қармақшы ауданында 0,20 төмен екендігі анықталды.

Мұнда тыныс алу мүшелері ауруларының нитраттармен де сульфаттармен де байланыстылығы төмен екендігі білінді. Жаңақорған ауданында нитраттармен байланыстылығы 0,47 бірлікті көрсетсе, Қармақшы ауданында 2,47 есе төмен, ал сульфаттармен байланыстылығы 2,8 есе төмен екендігі анықталды.

Математикалық модельдеу әдісін қолдана отырып, ЛОР патологиясының қоршаған ортаның ластануы дәрежесіне қарай себеп-салдарлық өзара байланысын талдап көрсетілді. Есептеуде алынған модельдер жоғары сенімділікпен және дәлме-дәл жобалаумен берілген (есептік Ғ > мәнді Ғ), яғни модель КОЛИ-Индекс (судың бактериялармен ластануы) үшін және минералды тыңайтқыштар концентрациясы үшін құбылысты (R2 > 0,9) жақсы бейнелейді. Көптік корреляция коэффициенттері (R > 0,95) факторлық белгілердің нәтижелік белгілермен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді (5-кесте).

5-кесте. Регрессиялық статистика мен дисперсиялық талдау көрсеткіштері

Коэффициенттер Фишер критерийі, F Көптік

корреляция, R

детерминация, R2 F есептік мағыналы F КОЛИ-Индекс 0,982 0,965 13,69 0,07 Тыңайтқыштар концентрациясы 0,951 0,904 7,08 0,07

Регрессиялық теңдеудің алынған коэффициенттерінің мәнін бағалау үшін Стьюденттің t-критерийі қолданылды. Егер Стьюденттің t-критерийі 2-ден аз болған жағдайда регрессия коэффициенті нольдік деп есептелді. Бұл дегеніміз сәйкесті тәуелсіз өзгеріс тәуелдіге әсер етпейді дегенді білдіреді, ал коэффициент (фактор) теңдеуге қосылмайды.

2-кесте. Зерттелген ауылдық жерлердегі атмосфералық ауаның ластануынан туындайтын ЛОР мүшелерінің деңгейіне байланысты аурушаңдылығының алдын алу моделі төмендегіше түзіледі.

ЛОР патологиясы Регрессия теңдеуі Құлақ

Аурулары

Y = 9,5 + 617,2 · x1 + 30,8 · x2 Мұрын

Аурулары

Y = 6,9 + 34,0 · x1 + 10,2 · x2 Жұтқыншақ

аурулары

Y = 4,7 + 109,9 · x1 + 26,2 · x2

2- кестеде көрсетілгендей құлақ, мұрын және жұтқыншақпен аурушаңдылық көрсеткіштеріне Коли индекстің мағынасы мен минералды тыңайтқыштардың концентрациясының құлақ ауруларына едәуір әсер ететіндігі айқын көрінсе (Y = 9,5 + 617,2 · x1 + 30,8 · x2), мұрын ауруларына орташа деңгейде (Y = 6,9 + 34,0 · x1 + 10,2 · x2) әсер ететіндігі негізінде алдын алуға болады.

Сонымен, регрессия есебінде зерттелетін заттардың негізгі концентрациясын қойғанда, құлақ, мұрын және жұтқыншақ ауыруларын болжау көрсеткіштерін есептейміз. Ластаушы заттардың ең мәнді концентрация мөлшерін белгілеп, ЛОР мүшелеріне бұл факторлардың әсерін анықтай аламыз.

Құлақ аурушаңдығына қатысты көпөлшемді моделі Коли индекстің мәні мен сыртқы ортадағы минералды тыңайтқыштар концентрациясы моделденді. Нәтижесінде Коли индекстің 2400 бірлікке дейін өсу барысында құлақпен аурушаңдылық көрсеткіші 1,6 есе көбейеді, ал минералды тыңайтқыштардың концентрациясы 800-ге дейін өссе ауырушаңдық көрсеткіші 1,4 есеге көбейеді. Ал минералды тыңайтқыштардың концентрациясы 1,3 есе көбейгенде, және Коли индекс 1,3 есеге өскенде, аурушаңдылық көрсеткіші 1,1 есе жоғарылайды. Әрбір минералды тыңайтқыштардың концентрациясы 1800-ге дейін көбейгенде, жалпы аурушаңдық көрсеткіш 1,5 есеге және Коли индекстің 700-ге өсуі дәрежесінде 1,3 есеге жоғарылайтындығын аңғарамыз.

Ол үшін ұқсас нозологиялық топтарды тауып, анықтап болған соң, кластерлі талдау әдісі жүргізіледі, яғни көпөлшемді статистикалық әдіс қолданылды. Біз ЛОР мүшелерінің ұқсас нозологиялармен класстерлі талдау жүргіздік, иерархиялық сатыда ұқсас біркелкі нозологиялық бірліктер топталып, біріктіріліп, біркелкі топтармен класстерлердің одан әрі қосылулары арасындағы иерархиялық сатылардың тұрғызылды. Сонда біркелкі топты: созылмалы ринит, созылмалы риносинусит және созылмалы фарингит құрайды. Ауылдық жерлерде осы ауруларға әсер ететін жалпы факторлар қолданылған судағы бактериялардың көбеюы және минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің мөлшері сияқты ортақ факторлары болуы мүмкін. Созылмалы аллергиялық ринит , созылмалы аденоидит, кереңдік біркелкі топты құрмайды, себебі ауылдық жерлерде қолданылатын минералды тыңайтқыштар мен инсектицидтерді дегейлеріне байланысты болуы мүмкін. Созылмалы тонзиллит, отит, мезотимпанит арасындағы біркелкілік ортақ деңгейден жоғары екендігі анықталды, ол судың бактериалды ластануы мен Қызылорда облысындағы аудандарда қолданылған пестицидтерге байланысты болуы мүмкін.

ЛОР мүшелері патологиясының алдын алу және болжау шаралары мүмкіндігінше жалпы аурушаңдық үрдісімен кешенді ескерілуі оның адам ағзаларының біртұтастықта өзара тығыз байланыста өмір сүріп қызмет ету заңдылығына негізделінді.

Барлық болжамдар болжау уақыты бойынша, болжам жүргізілетін затқа әсер ету түрі бойынша, меңгерілетін жүйенің иерархиялық деңгейі бойынша, болжам жүргізілетін заттың күрделілік денгейі бойынша, қорытындыларды жеткізу әдісі және мақсаты бойынша жүргізілетіндігін есепке ала отырып, осы көрсеткіштерге сай келетін дамытыла талдау әдісі таңдалып алынды. Бұл дамудың талдау әдісін қолдану арқылы ағымды, қысқа уақытты (1 жылдық), орташа ұзақтығы-5 жыл, ұзақ уақытты 10-жыл және одан көп жылдарға болжаулар жасауға болады.

Қызылорда облысының ЛОР мүшелері аурушаңдылығын есептеу кезінде қысқа уақытты дамытыла талдау әдісі қолданылды және бұл кезде дамудың экстраполяция әдісі де қолданылды. Зерттеу кезінде, сонымен қатар, зерттеліп отырған Қармақшы және Жаңақорған аудандарында орта облысты көрсеткіштермен салыстырғанда жағдайдың өзгеріп отырғанына назар аудару қажеттігін ескердік. Ол жалпы балалар аурушаңдығын анықтауға негізделінеді.

4-сурет Қызылорда облысы бойынша балалар аурушандығының көрсеткіштерін болжау.

4-суретте көріп отырғанымыздай, Қызылорда облысында 2001-2008 жылдар арасында балалардың аурушаңдылығы 12,8% көтерілген. Ал Жаңақорған ауданында осы жылдар арасында балалардың аурушаңдылығы 28,7%-ға көтерілген. Қармақшы ауданында керісінше 46,3% төмендеген. Мұндай жағдай балалар аурушаңдылығының тіркелуі Қармақшы ауданында дұрыс жүргізілмегендігін көрсетеді. Яғни Қармақшы ауданының ауылдық бөлімшелік ауруханасында (АБА) және ауылдық дәрігерлік амбулаторияларында (АДА) дәрігер педиатр немесе ЛОР мамандығы бойынша дәрежелері төмен болғандығын немесе жоқтығын көрсетеді.

Мұндай жағдай қысқа уақыттың (3 жылға дейін) және орташа уақыттың (5 жылға дейін) кезеңдердегі болжама есептеулерде де көрінеді. 2012 жылы Жаңақорған ауданы бойынша балалардың аурушаңдылығы 14,35% -ға жоғарыласа, жалпы Қызылорда облысы бойынша тек 6,4-ға жоғарлайтынын болжамдап отырмыз. Ал Қармақшы ауданында тағы да 17,34%-ға төмендегенін аңғарамыз. Аурушаңдылық деңгейінің мұндай болжамы Қармақшы ауданында созылмалы аурулармен ауыратын балалардың көбеюіне әкеледі. Яғни осы аудандағы балаларға кешенді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осы аяда балалардың ЛОР мүшелерінің аурушаңдылығын болжауды төмендегіше қарастырдық.

5-сурет. Қызылорда облысы бойынша балалардың ЛОР мүшелерінің аурушаңдылығын болжау көрсеткіштері.

5-суреттегі көрсеткіштерден Қызылорда облысы бойынша ЛОР ауруларының деңгейі 2001-2008жылдар арасында 9,6%-ға, Қармақшы ауданында 24,9%-ға, Жаңақорған ауданында 18,6%-ға төмендеген. Алдын ала болжам есептері бойынша 2012 жылы ЛОР ауруларының деңгейі Қызылорда облысында тағы да 9,6%-ға, Қармақшы ауданында 18,6%-ға, ал Жаңақорған ауданында 13,5%-ға төмендейтінін көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, Қармақшы ауданында ЛОР ауруларының төмендеу деңгейі Жаңақорған ауданына қарағанда көбірек.

Қызылорда облысы бойынша балалардың созылмалы тонзилитпен аурушаңдылығы 2001 ден 2008 жылдар арасында 15,52%-ға төмендеген, Қармақшы ауданында 92,4%-ға төмендеген. Аурудың бұлай өте жылдам төмендеп кетуі зерттелетін аудандағы болжау есептеулерге өз әсерін тигізді. Ал 2012 жылы Қармақшы ауданы бойынша балалардың аурушаңдығы 24,44%-ға төмендейді, ал Жаңақорған ауданында -34,65%-ға, жалпы Қызылорда облысы бойынша бұл көрскеткіш 5,82%-ға төмендеген.

Қызылорда облысындағы Жаңақорған және Қармақшы аудандарындағы ауылдық елді мекендерінде құлақ, мұрын және тамақ ауруларына есептік болжам жасау барысында балалар арасында құлақ, мұрын және тамақ аурулары тіркеуге алынбайтындығы анықталды, сондықтан бұл мәселені шешу үшін ЛОР мүшелері ауруларын есепке алуды дұрыс ұйымдастыру, жыл сайын балаларды профилактикалық тексеруден өткізген кезде оториноларинголог мамандығымен қаматамасыз етуді қажет етеді.

Зерттеу барысында тыныс алу мүшелері ауруларының тіркелуінің ең жоғарғы көрсеткіш облыс бойынша 2003 жылы 21696,6 бірлікті көрсетсе, ең төменгі көрсеткіш 2006 жылы 19625,6, яғни 2071 бірлікке төмендегенін аңғарылды.

6-сурет. Тыныс алу мүшесі ауруларының 2003-2008 жылдар

аралығындағы аурушаңдықтың балалар арасындағы көрсеткіштері

Ал балалардағы тіркелуіне келсек, облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш 2007 жылы 43057,2 бірлікті көрсетсе, ең төменгі көрсеткіш 2004 жылы 37480,2 бірлікті көрсетеді, яғни 5577 бірлікке жоғарылағандығын аңғаруға болады. Қармақшы ауданындағы ең жоғарғы көрсеткіш 2003 жылға келеді, сол жылғы облыстық көрсеткішпен салыстырғанда 23538,9 бірлікке артық болғандығын, яғни диагноз жиі қойылғандығын көрсетеді.Жаңақорған ауданына келсек, ең жоғарғы көрсеткіш 2005 жыл тіркелген және 53857,5 бірлікті көрсетеді, ол сол жылғы облыстық көрсеткіштен 14110,4 бірлікке артық, яғни жиі тіркелген.

Бадамша бездерінің созылмалы аурулары және аденоидтар туралы берілген статистикалық мәліметтерде облыстық көрсеткіш жылдан жылға 547,2 (2003ж.) бірліктен 342,2 (2008ж.) бірлікке төмендегенін аңғарамыз. Бұл көрсеткіштер зертелген Қармақшы және Жаңақорған аудандарына да тән болып келеді, соларға сәйкес 661,7 бірліктен (2003ж.) 152,7 бірлікке (2008ж.) және 514,4 бірліктен (2008ж.) 80,6 бірлікке (2008ж.) төмендегенін аңғарамыз. Айта кететін жәйт Жаңақорған ауданындағы көрсеткіштер күмән тудырады, 6,4 есеге төмендеуі дұрыс диагностика жүргізбеген салдарынан деп түсінуге болады немесе оторинолариголог маманының жетіспеушілігі салдарынан деп түсіндіріледі (7-сурет).

7-сурет. Бадамша бездерінің созылмалы аурулары және аденоидтардың 2003-2008 жылдар аралығындағы аурушаңдықтың балалар арасындағы көрсеткіштері

Жасөспірімдерге келсек, облыстық көрсеткіш жылдан жылға төмендеп 1474,9 бірліктен (2003ж.) 772,7 бірлікке (2008ж.) немесе 2 есеге жуық төмендегенін аңғаруға болады. Ол көрсеткіш Қармақшы ауданында 2855,4 бірліктен (2003ж.) 706,8 бірлікке (2008ж.) немесе 4 есеге төмендесе, Жаңақорған ауданындағы ол көрсеткіш 291,0 бірліктен (2003ж.) 38,1 бірлікке (2006ж.) бірлікке немесе 7,6 есеге төмендегені айта кететін жәйт.

8-сурет. Бадамша бездерінің созылмалы аурулары және аденоидтардың 2003-2008 жылдар аралығындағы аурушаңдықтың балалар арасындағы көрсеткіштері

Балалар арасындағы бадамша бездерінің созылмалы аурулары мен аденоидтардың көрсеткіштері облыс бойынша 952,2 бірліктен (2003ж.) 543,6 бірлікке (2007ж.) төмендегенін көреміз (8-сурет). Ал бұл көрсеткіштердің зерттелген аудандарда жылдан жылға төмендегенін байқаймыз: Қармақшы ауданында 1044,7 бірліктен (2003ж.) 280,8 бірлікке (2008 ж.) немесе 3,7 есеге төмендесе, Жаңақорған ауданында сол жылдары 925,2 бірліктен 129,4 бірлікке немесе 7,1 есеге төмендегендігін аңғаруға болады.

Құлақ және емізік тәрізді өсіндімен арушаңдылық біркелкі еместігін, ересектермен салыстырғанда балалар арасында бірнеше есе жиі кездесетіндігі, құлақтың созылмалы қабыну ауруларының көрсеткіштері облыс бойынша құбылмалы түрде немесе бірде төмендеп, бірде жоғарылағандығы байқалады, әсіресе Жаңақорған ауданында балалар тексерусіз қалғандығын, тыныс алу мүшелері ауруларының облыс бойынша тіркелуі әркелкі және облыстық көрсеткіштерге қарағанда зерттеліп отырған аудандарды жиі тіркелгендігі, вазомоторлы және аллергиялық ринитпен аурушаңдылық көрсеткіштері облыс және зертелген аудандарда біркелкі еместігі, бадамша бездерінің созылмалы аурулары мен аденоидтардың көрсеткіштері жылдан жылға төмендей түсуі оториноларинголог және аллерлог мамандарының жетіспеушілігімен де түсіндіріліп, тұжырымдалады..

Құлақ ауруларының ішінде құлақ құлығының көп тіркелу көрсеткіштерінің жоғарылуына Аралдың суы шегінген табандарынан ұшқан тұзды шаң-тозаңдар бала ағзаларының, соның ішінде ЛОР-мүшелдерінің патологиясының артуына себепшілердің бірі болып табылады. Құлақ құлығының физиологиялық қызметтері құлақтың сыртқы есту жолының терісін ылғалдандырумен және оған қорғаныш болуымен анықталады. Құлақ құлығы шайнау қозғалысы кезінде табиғи түрде сыртқа бөлініп шығып жатады. Алайда көп адамдарда күкірттің гиперсекрециянуына бейімділік болады, сондай-ақ бөлініп жатқан күкірттің өз-өзінен шығып кетуіне тарлық ететін сыртқы есту жолы иірімі тым жіңішке болуы да мүмкін. Бірақ гиперсекрецияның негізгі себебі – құлақтың сыртқы есту жолының терісін тітіркендіру салдарынан деп есептеледі. Гиперсекреция көп жағдайда әр түрлі қолға түскен тыңдау құралдарын пайдаланатын, сонымен қатар басына мақта оралған ши-шыбықшаларды қолданатын адамдарда кездеседі. Сыртқы есіту жолын үнемі тітіркендіру нәтижесінде күкірт жинақталып қалады да оны бітеп тастайды.

Тығындардың түзілу белгілері белгілі: құлақтың бітеліп қалғанын сезіну, ал ол дыбыс толқындарын құлақ тығының дабыл жарғағына қайтару есебінен пайда болады. Құлақ құлығы бар адамдардың едәуір бөлігі құлақтың шыңылдауы мен шуына душар болғанын айтады. Құлақ құлығы жарғаққа жақын жинақталып қалса, оталгия пайда болады, ал ол ұзаққа созылса, онда сыртқы есту жолының терісі тұрақты тітіркеніп, жарақаттық күйге ұшырайды. Кейбір жағдайларда күкірттің гиперсекрециясы едәуір залалдық қиындық тудырады.

Біздің зерттеуіміздің мақсаты Қызылорда облысында балаларда құлақ құлығының пайда болу ерекшеліктерін зерттеп, құлақ құлығының пайда болу себептерін, түзілу жиілігін анықтау, сөйтіп алдын алу әрі емдеу жұмыстарын жүргізу болды. Барлық тексерілген 1191 науқас баланың 173-інді құлақ құлығы пайда болған, яғни 14,5%. Құлақ құлығы бар балаларды жан-жақты зерттеу үшін тартылған балалардың жынысын және жас құрамы төмендегі кестелерде көрсетілді (7-кесте).

7-кесте. Қызылорда облысы аудандарында құлақ құлығы бар балалардың тартылу құрамы.

Р.

Ауру атауы Барлығы Қармақшы ауданы Жаңақорған ауданы Ер бала Қыз бала Ер бала Қыз бала 1. Құлақ құлығы 173

26 49 51 47

9-сурет. Балалардың жынысына қарай көрсеткіштері.

Жынысына қарай көрсетілген 9-суретте құлақ құлығы Қармақшы ауданында қыз балаға қарағанда ер балада 2 еседей аз кездессе, Жаңақорған аудаында бірдей мөлшерде кездескенін аңғарамыз.

Осы аудандарда құлақ құлығы айқын көрінген 50 пациент (ұлдар, қыздар) зерттелді. Оның 25-і Қармақшы, ал қалған 25-і Жаңақорған ауадандарынан іріктелді. Бақылау тобы ретінде Арал экологиялық апат аймағынан географиялық орналасуы едәуір алыс жатқан Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан 9 балада құлақ құлығы айқын анықталған алынды. Ол төмендегі кестеде көрсетілді.

Екі зерттеу аудандарындағы балалардың 1/3 бөлігі есітуі төмендегендігіне, құлағының ауыратынына шағынған, оның басты себебі – пайда болған құлақ құлығы екені анықталды, ал ол құлықты өз бетінше алып тастауға әрекеттену салдарынан сыртқы есіту жолының патологиялық кезең дәрежесі пайда болған. Бұл әрекет кезінде құлық сыртқы есіту жолының артқы бөліктеріне итеріліп, дабыл жарғағына күш түсіру орын алған. Зерттелген аудандар балаларының құлақ құлығының клиникалық көріністері мен сипаттары іс жүзінде біріңғай болуына байланысты емдік препараттардың әсерін зерттеу үшін Қызылорда облысының аудандарындағы ол балаларды қостық.

Индуктивті плазманың байланысқан ауыр металдар (ICP-MS) масс-спектрометриялық тексеру әдісін қолдана отырып, құлақ құлығының мазмұндық құрамы талданып анықталды. Сараптау (1,0 г. бірлік мөлшері мкг) төмендегідей нәтижелерді көрсетті: Mg (408,4-1026,4); Сr (0,003-5,6); Mn (0,6-20,8); Fe (0,9-112,9); Cu (1,6-41,3); Zn (10,9-578,5); Sr (2,4-35,1).

Құлақ құлығын емдеу жолдарын іздестірген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесінде 2009 жылғы зерттеушінің атына «Құлақ ауруларын емдеу тәсілі» атты № 2009/1173.1 инновациялық патент берілуі туралы Зияткерлік меншік құқығы Комитеті ҰЗМИ-ң № 12- 3/4244 өтінімі бойынша шешім қабылданған. Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтінімді сараптау нәтижесінде ұсынылған өнертабыстың Қазақстан Республикасы Патенттік зағының 22-1 бабының 5 тармағы талаптарына сай екені анықталды. ҚР 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексіне сәйкес бұл өнертабыс қолданылу мүмкіндігіне ие болған.

Патенттелген препарат монотерапия түрінде қолданылды. Науқастар ол препаратты таңертең және кешкісін сөткесіне екі реттен 4-5 тамшыдан 3-4 күн бойына қабылдады. Емдік курс 3-5-7 күн болып белгіленді (8-кесте). Препараттарды сыртқы есіту жолына тамызғаннан кейін қажет болған жағдайда 3-4 күннен соң құлықты құлақ жуылды. Ал бақылау тобындағы балалардың құлықты құлақтарына 3% сутекті ерітінді тамызылып отырылды. Зерттеу мына төмендегі кестеде көрсетілген тәртіпте жүргізілді:

8-кесте. Құлақ құлығымен балаларды тексеру кестесі.

Бақылаудың атауы 1-ші күн 3-4 күн 5-7 күн

Анамнезін жинап, бағалау *

Объективті тексеру * * *

Субъективті белгілері * * *

Кері әсерін анықтап, тіркеу

* *

Препараттың тиімділігі

* *

Кестеде көрсетілгендей пациенттер зерттеуге тартылған соң, зерттеудегі препарат қолдарына берілді, сөйтіп олар 1, 3-4 және 5-7 емделу күндерінде келіп қайта қаралды.

Отоскопиялық тексеруде төмендегідей белгілердің көріну дәрежесі ескерілді: сыртқы есіту жолындағы құлықтың болуы, оның мөлшері мен шектелінуі, дабыл жарғағы мен сыртқы есіту жолы терісінің гиперемиясы, дабыл жарғағының перфорацияға ұшырауы. Ауруларды сұрақтау кезінде мына белгілердің көрінуі назарға алынды: құлақтың бітелуі, құлақтың шуылдауы, құлақ ішінің ауыруы, басының айналуы.

Зерттеліп отырған патенттелген препараттың тиімділігін сараптау құлақ құлығы бар балаларда емдеу кезінде негізігі топтағы терапия курсының алдынан және өткізілгеннен кейін алынған, сондай-ақ бақылау тобымен салыстырулардың қорытындысынан шыққан дәйектемелер негізінде салыстырылып жүргізілді. Жоғарғы суретте көрсетілгендей құлақ құлығы бар балаларды емдеудің бірінші күнінде объективтік тексеруде мына белгілер тіркелді: құлақтың бітелуі мен есту жолын толық жауып тұрған құлықтың бар екені барлық 50 балада, құлақтың шуылдауы 16 балада, құлақтың ауыруы -14 балада (10-кесте).

10-сурет Шағымына қарай көрсеткіш.

Кестеде көрсетілгендей, патенттелген препаратты қолданғаннан кейінгі 3-4 күн бойында сыртқы есіту жолындағы құлықтың саны 4 (6,6%) балада азайған, 39 (63.9%) балада қосымша түрде физиологиялық ерітіндімен жуылса, патенттеген препараттан кейін фурациллин ерітіндісімен жуылып, құлықтан толық тазарған. Ал емдеудің 3-4 күндерінде құлық саны едәуір төмендеген 18 пациенттің құлағынан жуу арқылы ол толығынан тазарған. Алайда 4 балада құлықты механикалық жолмен, яғни ілмекпен алып тастауға тура келді. Бақылау тобында 3% сутекті ерітіндіні қолданғаннан кейін бар болғаны 2 балада ғана құлық мөлшері кеміген, сөйтіп бақылау тобындағы барлық баланың сыртқы есіту жолын механикалық тәсіл арқылы құлықтары тазартылды. Бұл нәтиже төмендегі кестеде берілді (10-сурет).

10-сурет. Құлақ құлығын патенттік әдіспен емдеу нәтижелерінің көрсеткіші.

Сөйтіп зерттеушінің өнертабысы болып табылатын патенттелген препараттың сыртқы есіту жолындағы құлықты жібітетін қабілеті толық расталып, бекітілді. Ал жібіген құлықты қарапайым физиологиялық ерітіндімен немесе стерилизацияланған сумен жуып тастау өте қолайлы, ол жалпы практикалық дәрігер үшін аса күрделі емес. Бұларға қосымша байқалған өзгерістер мен көрсеткіштер: патенттелген препаратты қолданғаннан кейінгі тазарған құлақ шуылдан және ауырсынудан сауыққан. Препаратты қабылдау кезінде пациенттер жағымсыз әсер сезінбеген және жақсы қабылдаған.

Пациенттерде қосалқы теріс әсерлер мен аллергиялық реакциялар байқалған жоқ, патенттелген препаратты қолдануды тоқтату жағдайы болған емес.

Сонымен, зерттеушінің өнертабысы болып табылатын патенттелген препаратты қолдану мынадай нәтижелер берді: патенттелген препаратты пациенттер жағымды қабылдайды, ол қосалқы теріс әсерлер мен аллергиялық реакциялар бермейді; құлақ құлығы бар балалардың патенттелген препаратты қабылдауы нәтижесінде науқастардың 63,9%-нда құлық жібіп, жеңіл жолмен жуып тастауға қолайлы күйге келген; патенттелген препарат құлақ құлығынан тазартудың қолданыстағы технологияларына қазіргі жаңа балама бола алады; ол құлақ құлығын толық жібіген күйге келтіреді; патенттелген препаратты құлақ құлығын тазартатын жаңа технологиялардың алыстағы елді мекендерге, әсіресе ауыл тұрғындарына қолжетімділігі төмен болғандықтан, оларға балама ретінде емдеуге қолдануға ұсынылады. Бұл, әсіресе, Қызылорда облысының зерттеліп отырған Қармақшы, Жаңақорған аудандарының тұрғындарының ЛОР мүшелерінің патологиясының алдын алу мен болжам негіздерін түзуде аса маңызды.

Зерттеліп отырған аймақтағы балалар ағзасында экологиялық күш түсуден туындаған күйзелуге қарсы қорғаныс табандалығын арттыруға көмектесетін шара ретінде «Синупрет» препаратын қолдануды тәжірибеледік. Сонымен қоса Арал өңірі экологиялық қолайсыз аймақтың дамыған медициналық көмек көрсету орталықтарынан шалғай орналасқандығынан, «Синупрет» препаратын тәжірибелеу оның емдеу практикасында да тиімділігін анықтаумен бірқатар жүргізілді. Сөйтіп балалардың риносинусит ауруының жедел және созылмалы түрлерінің көріністерін емдеу тәсілдерінің кешенінде «Синупреттің» қолданылуы маңызды екеніне көз жеткізілді. Бұл препарат «Балалардың риносинусит ауруының жедел және созылмалы түрлерін емдеу тәсілі» атты патенттелген өнертабысы болып табылады.

«Синупрет» препаратын қолдану зақымдалған мұрын қуысындағы қабыну процесін жедел қайтаруға және ремиссияның ұзақ сақталуына мұрынның сілемей қабатының жырылуынсыз септік етеді. «Синупрет» препараты 100,0 мл физиологиялық ерітіндіге 2,0-3,0 мл көлемінде ерітіліп, мұрын қуысы Проец тәсілімен жуылады. Бұл әдіспен 6-15 жас аралығындағы 80 баланы емдедік: 6-10 жастағы — 27, 11- 14 жастағы – 33 бала, қалған 20 бала бақылау обын құрды. Емдеу нәтижесінде жоспарланған сегіз күннен кейін 6-10 жастағы балалардың 81,8 пайызы сауығып, қалған 18,2 пайызы өзгеріссіз көрсеткіш көрсетті. 11-14 жастағы балалардың 86,8 сауығып, қалған 13,2 пайызы. Ал бақылау тобындағы 20 баланың емдеу нәтижесі ұзаққа созылды.

Сөйтіп өсімдік «Синупрет» препаратын балаларға жергілікті қолдану олардың эвакуаторлық- дренаждық тетіктердің тез қалпына келуіне, мұрынның қосалқы қуыстарының тиімді тазалануына, аурудың ұзақ ремиссиялануына септік ететіні дәйекиелінді.

  1   2
База даних захищена авторським правом ©mediku.com.ua 2016
звернутися до адміністрації

    Головна сторінка
Інформація Автореферат Анализ Диплом Додаток Доклад Задача Закон Занятие Звіт Инструкция

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий