БАҒдарламасы жоғары кэсіптік білім бакалавриат бекітемін қр дсм єылым жјне адами

Пәннің мақсаты: дерт дамуьшың жэне негізгі заңдылықгары мен адамның сауығу жолдарын зерттеу, аурулардын этиологиясын, патогенезін, клиникалык көріністерін, емдеу жэне алдын-алуды терең ұғуға дайындау
БАҒдарламасы жоғары кэсіптік білім бакалавриат бекітемін қр дсм єылым жјне адами

Скачати 474.05 Kb.

Сторінка 1/4 Дата конвертації 15.04.2016 Розмір 474.05 Kb.

  1   2   3   4






















ТИПТПС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жоғары кэсіптік білім БАКАЛАВРИАТ
БЕКІТЕМІН

ҚР ДСМ Єылым жјне адами

ресурстарды дамыту

департаментініѕ директоры

_________ Н.Қ.Хамзина

«___»__ ____ 2008ж.

ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ

мамандығы: 051101 — «Мейірбике ісі» Сағат көлемі — 90 (2 кредит)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Астана 2008

Алғы сөз

  1. Әзірленген және енгізілген Семей мемлекеттік медицина академиясы,
    Қазақ мемлекеттік медицина академиясы
  2. Алғаш рет енгізілген
  3. Типтік оқу бағдарламасы 051101 — «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша
    2006 жылғы мемлекетгік жалпыға білім беру стандартына сэйкес эзірленген.
  4. Типтік оқу бағдарламасы Қазақ мемлекеттік медицина академиясының
    жоғары жэне жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықгарының оқу-
    әдістемелік секциясында бекітіліп, басылымға ұсынылған. Хаттама №3а
    «22» ақпан 2008 ж.

Мазмұны

  1. Түсініктеме 6
  2. Пэннің мазмұны 7
  3. Оқу және оқыту әдістері 13
  4. Білімін бағалау 13
  5. Құралдар менжабдықтар 13
  6. Пэн сағаттарының үлестірілуі 14
  7. Дэрістердің, тэжірибелік сабақтардың, ОСӨЖ, СӨЖ тақырыптық
    жоспарларының жобасы 14
  8. ¥сынылған эдебиеттер тізімі 17
  9. Авторлар 19

1 Түсініктеме

Кіріспе. Патологиялық физиология негізгі теориялық және іс жүзінде қолданылатын медициналық-биологиялық пэн болып саналады, өйткені медицинаның әр саласындағы, дэрігерлерге қажетгі, дэрігерлік клиникалық ойлауды қалыптастыруға қолайлы жэне ауруларға дұрыс диагноз қою, сэйкес емдеу тағайындаудың негізін салатын білім береді.

Медицинаның қазіргі кезендегі даму сатысы жоғарғы медициналық оқу орындары студенттерінен күрделі, көпсалалы теориялық дайындыкты талап етеді. Медициналық білімді заман талабына сэйкес өзгертудің маңызды аспектісінің бірі — ол патологиялық физиологияны терең зерттеу, өйткені бұл пэн дэрігер дайындау жүйесінде дэрігерлер тиімді эрекеттерінің, клиникалық ойлауының методологиялық, эдістемелік, практикалық негіздерін қалыптастырады. Қазіргі бағдарлама патологиялық физиологияның жалпы бөлім зерттеуіне бағытталған жэне негіздік дэрігерлік білім алуына.

Пәннің мақсаты: дерт дамуьшың жэне негізгі заңдылықгары мен адамның сауығу жолдарын зерттеу, аурулардын этиологиясын, патогенезін, клиникалык көріністерін, емдеу жэне алдын-алуды терең ұғуға дайындау.

Пэннің міндеттері:

  • клиникалық ойлау негіздері студенттерге беру;
  • ауру пайда болуының себептері мен жағдайларын аныктауға білім беру;
  • аурудың даму механизмдері мен заңдылықгарын айырып тануына
    студенттерді үйрету;
  • студенттерде біртектес дерттік үрдістер туралы білімді қалыптастыру;
  • ғылыми тэжірибе өткізулеріне дағдыларды істеп шығару;
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың негізгі үхтанымдарын түсіну.

Оқытудың соңғы нәтижелері Студент білуі тиісті:

  • болашақтағы мамандығына байланысты пэннің мақсаттары мен міндеттері;
  • жалпы нозология туралы негізгі ұғымдар;
  • аурулардың пайда болуы, дамуы жэне аяқгалуында себептік байланыстарды,
    себептік жайттар және организмнің реактивтілігі мен төзімділігінің маңызын;
  • біртектес дерттік үрдістердің себептері мен даму жолдарын;
  • дерттік үрдістерді зерттеуде тэжірибелік эдістің маңызын жэне емін, оның
    мүмкіншілігін, шектелуін жэне болашағын;
  • патологиялық физиологияның алдын алулық жэне клиникалық медицина
    үшін маңызын, басқа медициналық-биологиялық жэне медициналық
    пэндермен байланысын;

істей алуы тиісті:

• алған білімін клиникалық пэндерді оқып-үйренгенде жэне болашақ емдеу-

алдын алу қызметінде қолдануды;

6
• біртектес дерттік үрдістерді айырып тану;

дағдыларын меңгеруі тиісті:

  • әр түрлі дерттік үрдістер мен дерттік жағдайлар кезіндегі клиникалық-
    лабораториялық зерттеулердің нэтижелерін дұрыс талдау;
  • жануарларға тэжірибе жасағанда емдеу эрекеттері дағдыларын.

Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері

Пәннің алғы реквизиттері: молекулярлы биология жэне медициналық генетика, анатомия, физиология, химия, медбиофизика, экология, м икробиология.

Пәннің кейінгі реквизиттері: клиника алды жэне жеке факультеттер бойынша пәндер.

2 Пәннің мазмұны*

Кіріспе. Патологиялық физиология негізгі ғылым жэне оқу пэні ретінде. Клиникалық патофизиология туралы түсінік, оның міндеттері жэне болашақ мүмкіншіліктері.

Патофизиология пэні жэне міндетгері; оның жоғарғы медициналық білім беру жүйесіндегі орны.

Патологиялық физиологияның объектісі жэне әдістері. Патофизиология жэне клиникалық медицинаның дамуы үшін тәжірибенің маңызы. Үлгілеу, оның түрлері, мүмкіншіліктері жэне адам жэне жануарларда патофизиологиялық тэжірибе жасалуының шектеулері.

Тәжірибелік емдеу — ауруларды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістерін дайындаудың маңызды эдісі ретінде.

Патофизиология тарихынан қысқаша деректер, оның дамуының негізгі кеізеңдері.

Жалпы нозология. Ауру туралы ілім

Жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық, ауру, денсаулық жэне ауру(ауру алды) аралығындағы ағзаның өтпелі жағдайлары тіршіліктің тұрлері реяінде. Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай туралы түсінік. Біртектес дерттік үрдістер, олардың белгілері. Ауру — зақымдану жэне қорғаныстық-бейімделулік серпілістердің диалектикалық бірлігі ретінде дерттегі жүйелік үхтаным. Аурулар номенклатурасы мен жіктелуі. Ауру нышандары. Ауру кезеңдері. Адам дертіндегі биологиялық жэне әлеуметтік жайттардың маңызы.

Ауру аяқталуы. Толық жэне жартылай сауығу. Ремиссиялар, рецидивтер, асқынулар. Өлім ауру аяқгалуының бір түрі ретінде, өлім түрлері.

Терминалдық жағдайлар. Өлу кезеңді үрдіс ретінде. Агония алды жағдай, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім. Реанимацияның іттофизиологиялық негіздері. Реанимациядан кейінгі бұзылыстар.

Жалпы этиология

Аурулардың пайда болуында себептер мен жағдайлардың маңызы; олардың өзара диалектикалық байланыстары. Аурудың пайда болуында ішкі және сыртқы себептері туралы түсінік. Этиологиялық факторлардың жіктелуі. Патогендік факторлардың қасиеттері. Мультифакториалдық аурулар туралы түсінік. Механикалық факторлардың ауру тудыратын эрекетінің сипаттамасы (соққы, қысылу, созылу, ұзақ мерзімде жаншылу синдромы); физикалық факторлар (төмен жэне жоғары барометрлік қысымның, электр ағымының, иондайтын сэулеленудің әсері, гипокинезияның, гипо- жэне гипертермияның жэне т.б.)- Химиялық факторлардың патогендік әсері. Биологиялық факторлардың ауру тудырушы эсері. Психогендік жэне патогендік факторлар, ятрогендік аурулар туралы түсінік. Адам денсаулығын сактауда жэне аурулардың пайда болуында элеуметтік жайттардың маңызы. Ауруларды алдын алу мен емдеудің этиотроптық ұстанымдары. Балалар дертінің маңызды этиологиялық факторлары (балалар жарақатгануы, суық тию, ыстық соғу, тамақ тэртібінің бұзылыстары, балалар инфекциялары). Балалық жастағы дерттерді жэне бала өлімін азайтуда элеуметтік жайттардың рөлі.

Жалпы патогенез

Зақымдану патогенездің алғашқы буыны ретінде. Зақымдану деңгейлері: субмолекулалық, молекулалық, субклеткалық, клеткалық, ағзалық-тіндік, организмдік. Организмнің эртүрлі деңгейіндегі зақымданудың көріністері. Патогенездегі себеп-салдарлық қатынастар: алғашқы жэне кейінгі зақымданулар; аурулар патогенезіндегі арнайы және арнайы емес буындары. Аурулар патогенезіндегі құрылымдық жэне қызметтік өзгерістердің бірлігі.Зақымданудың ошактануы мен жайылуы; жергілікті жэне жалпы серпілістер, олардың өзара байланыстылығы.

Патогенездің басты буындары, «кері айналып соғу шеңбері».

Организмнің қорғаныстық, теңгерулік жэне қалпына келтірулік эсерленістері, сауығу механизмдері. Ауруларды алдын алудың жэне емдеудің патогенездік негіздері. Балалар организмінде қызметгерді теңгеру мен қалпына келтіру процестерінің ерекшеліктері.

Организм реактивтілігінің дерттегі маңызы

Организм реактивтілігі, оның түрлері, реактивтіліктің эволюциялық аспектілері. Реактивтілік жэне төзімділік. Реактивтілікті айқындайтын факторлар: генотиптің, жыныстың, жас мөлшерінің, конституцияның маңызы. Организм реактивтілігіне сыртқы орта факторларының эсері. Адам реактивтілігінің ерекшеліктері; элеуметтік және экологиялық жайттардың маңызы. Дерттік реактивтілк. Дербес және топтық реактивтілікті бағытгамалы өзгерту — ауруды алдын алу жэне емдеудің аса маңызды тэсілі.

Тұқым қуалаудың маңызы және дертгің туқым қуалайтын түрлері

Тұқымқуалайтын жэне туа біткен аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар этиологиясы. Мутагендік факторлар. Мутациялардың пайда болуында иондаушы сэулеленудің, вирустардың жэне өмір сүретін ортаның ластануының

8
маңызы, дэрі-дэрмектік мутациялардың мүмкіншілігі. Тұқым куалайтын дерт түрлерінің жіктелуі.

Түдым қуалайтын дертгің пайда болуының жалпы жолдары. Моно-жэне полигендік тұқым қуалайтын аурулар. Жыныс және дене клеткаларының гендік аппараты ақауларының ұрпаққа берілуінің доминантты, рецессивті жэне кодоминантты түрлері. Генді (молекулярлы-генетикалық) және хромосомдық аурулар. Ауруға тұқым қуалайтын бейімділік. Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алу, емдеу жэне зерттеу эдістерінің патофизиологиялық ұстанымдары.

Клетканың жалпы патологиясы

Клетка зақымдануы туралы түсінік, сипаттамасы. Клетка зақымдануының түрлері. Юіеткалар зақымдануының экзогендік және эндогендік себептері. Клетка мембраналарының зақымдануының жалпы жолдары; клетканың эиергиялық қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, клетка мембраналары мен ферментгерінің зақымдануы; клеткада иондар және су дисбалансы; геномдағы жэне гендер экспрессия механизмдерінің бү-зылыстары; клеткаларды ретгеу б:£зылыстары. Клетка қү-рылымының және жеке органеллаларының қызметінің б:£зылуы.

Клеткалар зақымдануының арнайы жэне бейспецификалық көріністері. Клетка өлімі, түрлері, маңызы. Некроз, лизис, аутолиз, апоптоз клеткалар өлімінің түрлері ретінде.

Зақымданушы эрекеттер кезінде клеткалардың қорғаныстық жэне бейімделулік жолдары. Клеткалардың патогендік факторлардың эрекетіне төзімділігін күшейту және зақымданған клеткаларда қалпына келу үрдістерін жандандыру жолдары.

Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістері

Зақымдануға ағзаның жалпы серпілістері: стресс, шок, кома және басқалар туралы түсінік организмнің зақымдануға жалпы эсерленістері ретінде. Жалпы адаптациялық синдром. Жедел фаза эсерленісі, дерттік үрдістер дамуындағы маңызы. Протеолиздік жүйелер бёлсенділігі. Комплемент, калликреин-кинин жүйесінің, коагуляциялық гемостаздың дерттік үрдістер дамуындағы маңызы. Шок түрлері, жалпы патогенезі, сатылары.

Шеткі қанайналымы және микроциркуляцияның бұзылыстары

Шеткі қанайналымы бұзылыстарының негізгі түрлері: артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз, тромбоз, эмболия. Олардың түрлері, себептері және даму жолдары, сыртқы көріністері. Шеткі қанайналымының түрлі бүзылыстары кезіндегі микроциркуляцияның жағдайы. Макро- жэне микроциркуляция бұзылыстарының ара қатынасы. Шеткі қанайналымының бүзылыстары кезіндегі организмдегі жалпы өзгерістер. Реперфузиялық синдром. Теңгерілу үрдістері; шунттау, коллатералды канайналымы.

Микроциркуляцияның біртектес бү.зылыстары. Микроциркуляция кезіндегі тамырішілік жэне тамырсыртылық бүзылыстар. Капиллярлық-трофикалық жеткіліксіздік.
Қабыну

Қабыну анықгамасы. Қабыну этиологиясы, флогогендік факторлардың жіктелуі. Қабыну үрдісінің негізгі компоненттері. Біріншілік жэне екіншілік аііьтерация. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгерістері. Клетка мембраналары мен клетка органелларының қү-рылымдық өзгерістері, өткізгіштіктің жоғарлауының жолдары. Қабыну медиаторлары мен модуляторлары; олардың түрлері, қабынудың даму жэне аяқталу барысында пайда болуы және маңызы. Микроциркуляциялық арна тамырларының эсерленістері. Қан ағымының өзгерістері, олардың сатылары және патогенезі.

Экссудация. Сүзілу, диффузия және ұсақ көпіршіктенудің күшеюі -экссудация үрдісінің негізі ретінде. Экссудат түрлері. Лейкоциттер эмиграциясы: оның сатылары жэне патогенезі.

Пролиферация. Қабынудың реперациялық сатысы; пролиферацияның даму жолдары; оны жандандыратын жэне тежейтін факторлар. Қабыну түрлері, олардың түрлері. Жедел және созылмалы қабыну. Жедел қабынудың жергілікті жэне жалпы белгілері. Созылмалы қабыну патогенезінің ерекшеліктері. Қабыну дамуында реактивтіліктің маңызы; қабыну кезіндегі жергілікті жэне жалпы құбылыстардың байланысы. Қабыну үрдісінде зақымдану жэне қорғаныстық-бейімделулік эсерленістердің диалектикалық өзара байланысы. Қабыну үрдісі. Қабынуға қарсы емнің үхтанымдары. Отогенез барыснда қабынудың дамуы.

Қызба

Қызба анықгамасы және қызбаның сипаттамасы. Қызбаның этиологиясы. Пирогендік заттар, оалрдың химилық тегі жэне инфекциялық үрдіс, тіндердің асептикалық зақымдануы жэне иммундық эсерленістер кезінде түзілуінің қайнар көздері. Алғашқы жэне кейінгі пирогендер; лейкоциттік пирогендер, интерлейкин-1. Қызба сатылары. Қызбаның әртүрлі сатыларында жылу ретгелуі. Пирогендер эрекетінің жолдары. Қызбалық әсерленістердің түрлері. Қызба дамуының пирогендік факторлардың қасиетіне жэне организмнің реактивтілігіне байланыстылығы.

Қызба дамуында жүйке, эндокриндік жэне иммундық жүйелердің қатысуы. Қызба кезінде зат алмасудың жэне физиологиялық жүйелер қызметінің өзгерістері. Ерте онтогенезде қызбаның ерекшеліктері. Қызбалық эсерленістердің биологиялық маңызы. Қызуды төмендететін емнің патофизиологиялық ұстанымдары.

Тін өсуінің бүзылыстары

Тін өсуі бұзылыстарының негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы. Тін өсуінің этиологиясы: химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендер. Канцерогенез кезеңцері. Канцерогенез кезіндегі инициация, промоция жэне ісік өсуінің прогрессия кезеңдері. Ісік өсуінің патогенезі. Онкоген туралы түсінік. Канцерогенезде онкобелоктардың маңызы және олардың түрлері. Организмнің антибластомдық төзімділігі, төзімділіктің иммундық жэне иммундық емес факторлары. Метастаздану механизмдері мен жолдары. Ісік өсуінің алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық негіздері.

ю
Аллергия

Аллергия туралы түсінік, аныктамасы жэне аллергияның жалпы сипаттамасы. Аллергиялық серпілістердің этиологиясы. Аллергендер олардың түрлері, орагнизмге ену жолдары сесибилизациялайтын жэне шешуші агслергендердің табиғаты.

Аллергиялық реакциялардың түрлері; олардың Р.Кук, П.Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі. Аллергиялық реакциялардың сатылары және патогенезі. Аллергиялық эсерленістердің I (реагиндік түрі), II (цитотоксиндік, цитолиздік түрі), III (иммундық кешендік түрі), IV (клеткалар қатысуымен өтетін баяу дамитын) түрлері кезіндегі иммундық эсерленістер, патохимиялық өзгерістер жэне клиникалық көріністер сатысының ерекшеліктері. Аллергия медиаторлары; олардың пайда болуы және биологиялық эсерлері.

Адамның жиі кездесетін аллергиялық ауруларының (анафилаксиялық шок, бронхы демікпесі, дэрі-дэрмектік аллергия жэне басқалар) патогенезі. Балалық шактағы аллергия еркшеліктері. Аллергиялық реакцияларды алдын алу жэне емдеудің патогенетикалық принциптері.

Гипоксия

Түсінік аныктамасы. Гипоксиялық жағдайларды жіктеудің ұстанымдары. Гипоксияның негізгі түрлерінің этиологиясы жэне патогенезі: экзогендік, тыныстық, циркуляциялық, қандық, тіндік. Тотығу және фосфорлану үрдістерінің ажыратылу кезіндегі гипоксия. Гипоксияның біріккен түрлері.

Жедел жэне созылмалы гипоксия кезіндегі зат алмасудың, клеткалардың қү-рылымдары мен қызметі жэне физиологиялық қызметтердің бұзылыстары.

Гипоксия кезіндегі шұғыл жэне үзақ мерзімді бейімделу эсерленістері. Ф.З. Меерсон бойынша гипоксия кезіндегі ұзақ мерзімді бейімделу эсерленістердің қ;злыптасу жолдары.

Гипоксияның әр алуан патологиялық үрдістер жэне аурулардың этиологиясы жэне патогенезіндегі маңызы. Оттегі жетіспеушілігіне эрбір ағзалар және тіндердің тұрақгылығы.

¥рық жэне жаңа туған нэрестедегі жедел жэне созылмалы гипоксия, гипоксияға организмнің жасқа байланысты сезімталдығы.

Гипоксилық жағдайларды алдын алу жэне емдеудің патофизиологиялық негіздері.

Электролиттер алмасуның бұзылыстары

Клеткалық жэне клеткасырттық бөлімдер арасындағы электролиттер бэлінісі жэне алмасуының бұзылыстары. Балаларда су алмасуының б:£зылыстарның ерекшеліктері.

Гипер-, изо, жэне гипоосмолярляқ, гипогидратация кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметі бұзылыуының патогенезі. Ісінулер: патогенездік факторлары, жергілікті жэне жалпы бүзылыстары, бүліністік жэне қорғаныстық маңызы алдын алу жэне емдеудің ұстанымдары.

Электролиттік алмасуының бү.зылыстарының типтік түрлері. Организмнің натрий, калий, кальций, магний жэне микроэлементтер мөлшерінің жэне

арақатынастарының бұзылыстары кезіндегі зат алмасудың, физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстарының негізгі себептері мен механизмдері.

Қышқылдық-негіздік жағдайдың бүзылыстары

Оратизмнің ішкі ортасының қышқылдық-негіздік жағдайы бұзылыстарының жіктелу ұстанымдары және негізгі түрлері. Газдық ацидоз жэне алкалоз. Газдық емес ацидоз жэне алкалоздар: метаболизмдік, бөліп шығарулық (бүйректік жіне гастроэнтералдық), экзогендік. Аралас түрлері. Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік бұзылыстарның теңгерілген жэне теңгерілмеген түрлерін аныктау ұстанымдары және көрсеткіштері. Қышқылдық-негіздік жағдайдың жедел жэне созылмалы бүзылыстары кезіндегі теңгерулік эсерленістері. Ацидоз бен алкалоздардың эр алуан түрі кезіндегі организмдегі бұзылыстар. Қышқыл- негіз жағдайы бүлылыстарын жою ұстанымдары.

Көмірсу алмасуының бұзылыстары

Көміксулар алмасуның типтік бүзылыстары. Тағамдағы көмірсулар сіңірулерінің гликогеннің түзілу үрдістернің, қорға жиналуының жэне ыдырауының, көмірсуларды пайдаланудың бұзылыстары. Көмірсу алмасуының аралық бүзылыстары.

Гипогликемиялық жағдайлар, олардың түрлері жэне даму жолдары. Гипогликемиялық кома.

Гипергликемиялық жағдайлар, олардың түрлері жэне даму жолдары.

Қантты диабетгің этиологиясы, инсулиннге тәуелді және тэуелсіз қантты диабеттің патогенезі, жедел жэне созылмалы асқынулар.

Май алмасуының бүзылыстары

Организмге майдың жеткіліксіз жэне артық түсуі. Майдың сіңірілуі және тасымалдауының бұзылысы. Гиперкетонемия.

Жалпы семіру, оның түрлері жэне жолдары.

Әлсіреу жэне кахексиялар, экзо жэне эндогендік себептері, патогенезі.

Фосфолипидтер алмасуының бұзылысы. Холестерин алмасуның бүзылысы; гиперкалестеринемия. Гиперпротинемиялар, диспротеинемиялар, түрлері.

Атеросклероз, қауіп факторлары, атерогенез сатылары, патогенезін түсіндіретін негізгі теориялары. Атеросклерозды алдын алу мен емдеудің ұстанымдары.

Белок алмасуның бұзылыстары. Ашығу

Белоктардың түзілуі және ыдырау үрдістерінің бұзылысы, оның себептері, патогенезі, салдарлады. Оң жэне теріс азоттық баланас.

Амин қышқылдары алмасуының бұзылыстары. Белок алмасуның соңғы кезеңінің, мочевина түзілуінің бүзылысы. Гиперазотемия. Қан плазмасының белоктық құрамының бұзылыстары: гипер- , гипо- және диспротенемия; парапротеинемия. Қан плазмасы белоктарының тасымалдау қызметінің бү-зылысы. Нуклеин қышқылы алмасуының бүзылыстары. Пурин лсәне пиримедин негіздері алмасуының бұзылысы.

Ашығу: экзогенді және эндогенді себептері, түрлері, кезеңдері, зат

12
глмасуының жэне физиологиялық қызметтер өзгерісі. Ерте балалық шақгағы балалардың ашығу ерекшеліктері. Аштықпен емдеу туралы түсінік.

Ескерту: * — пэннің мазмұнын 20% -ға дейін жогары оку орны өзгерте алады.

3 Оқу және оқыту әдістері

  • Дәрістер: жалпы шолу, мәселелік.
  • Тәжірибелік сабақтар: тақырып бойынша тэжірибелік жұмыстарды
    орындау (жануарларға тэжірибелік зерттеулерді жүргізу,
    патофизиологиялық эдістемелерді меңгеру, құралдармен жұмыс), тэжірибе
    нэтижелерін талдау, хаттамаларды толтыру; оқыту бейнефильмдерді көру,
    зертханалық анализдерін талдау, ситуациялық есептерді шығару.
  • Оқытушының басқаруымен студенттердің езіндік жұмысы (ОСӨЖ):
    тақырып сұрактары бойынша консультациялар; тэжірибелік жұмыстарды
    орындау түрінде белгіленген тақырыптарды өз бетімен меңгеру, рефераттар
    мен презентацияларды дайындау, ситуациялық есептерді шығару жэне
    күрделігі эртүрлі деңгейдегі тестгік тапсырмаларды орындау, кестелер,
    оқулыктар, интерактивті оқытатын бағдарламаларымен жұмыстар, кіші
    топтардағы жұмыстар, аралық бақылау.
  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): эдебиетпен жұмыс, жаттығулар
    мен есептерді орындау, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғау.

4 Білімін бағалау

  • Агымды бақылау: тестілеу, ауызша сұрастыру, ситуациялық есептерді
    шешу, тәжірибелік жұмыстарды жасау, сабактың хаттамаларын тексеру,
    өзіндік бағалау және шағын топтардағы жұмыс кезінде топтық бағалау.
  • Аралық бақылау: коллоквиум.
  • Қорытынды бақылау: құрамына тестілеу/сұхбаттасу жэне тэжірибелік
    дағдыларды кабылдауы кіретін емтихан.

5 Құралдар мен жабдықтар

  • Құралдар: төмендететін трансформатор, центрифуга, электротермометр,
    Камовский насостары, манометр, редуктормен бірге отгегі баллоны,
    иммунофлюрограф, кимограф, бинокулярлы микроскоптар, рН-метрлер,
    фотоэлектроколориметр, компьютерлер, мультимедиялы проекторлар,
    графопроектор, диапроекторлар, микрофон.
  • Жабдықтар: компьютерлік бағдарламалар мен мультимедиялық оқыту
    құралдардың жиыны, микроскоптар, қан жағындылары, пробиркалары бар
    штативтер, таразы, әртүрлі салмақгы жиынтық, шприцтер, эксикаторлар,
    хирургиялық қайшы, көз қайшы, анатомиялық пинцет, хирургиялық пинцет,
    реактивтер, ерітінділер, спирт, градусниктер, су термометрі, канюлялар,

13
Кохер қысқыштары, қан тамыр кысқышы, хирургиялық ілмектер, корнцангтер, лигатуралар, тесттік материал, патофизиологияның барлық бөлімдері бойынша кестелер, бақалар, егеуқұйрыктар, қояндар.

  1   2   3   4
База даних захищена авторським правом ©mediku.com.ua 2016
звернутися до адміністрації

    Головна сторінка
Інформація Автореферат Анализ Диплом Додаток Доклад Задача Закон Занятие Звіт Инструкция

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий